Лабаротория “ INVIVO ”




04.12.2012

Медицина саласында өзгеріспен, жетістіктер көріне бастаса өз басым етене қуаныштымын.Себебі әрбір елдің медицина жүйесі әр қашан ілгері дамуы қажет, денсаулық саласының дамуы елдің болашағы. Осы саланың жетістігі біздің елдің мақтанышы емеспе?

Микробиология кафедрасының жетекшілігімен қалалық “INVIVO”лабароториясында болдық. Шынымды айтсам көріп өте танқалдым….

Себебі елімізде өте жоғары, дәлелді,жылдам, нәтижелі жауап алуға мүмкіндік беретін лабароторияда қонақта болдық. Еліміздің барлық аумағын қамтыған. Қазіргі таңда 500 ден астам түрлі лабараториялық зертеу жүргізілетін орталық. Микробиология кафедрасымен осы мекемені көріп жоғарғы техникамен жабдықталған бөлмені көрдік. Студенттер тарапынан өте көп сұрақтар да болды. Мыс: Жетекшісі кім? Қанша маман жұмыс істейді? Қанша жыл болды? Еліміздің тағыда қай аймағында бар деген сұрақтар  туындады? Осы барлық сұрақтарға нақты жауап алдық, лабароторияның қысқаша тарихымен таныстық. Елімізде қамтылған аймақтарды көрсетті( төмендегі картада ).

Лабароторияның негізгі мақсаты: Дәргерлерге дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік жасау, себебі дұрыс диагноз қоюда осы бастапқы лабароториялық  саты өте маңызды, осы дұрыс анықтаманың арқасында дәрігер ем жүргізеді.

Лабароторияда: Жалпы клиникалық, биохмимялық, микробиологиялық, гомеостаздық, имунологиялық зерттеулер жүргізіледі. Әрбір зерттеудің  өзіндік ерекшелігімен маңызы зор. Себебі қазіргі заманның сұранысы медицинада нақты, дәлелді жауап алу емеспе? Осы нақтылықты дәлелдеу үшін “INVIVO”лабараториясының қыры мен сырынан хабардар болдық.

Әрине универститетіміздің ректоры А .А. Айқанұлына, Микробиология кафедрасының меңгерушісі Рамазанова. Б. А, оқытушыларыны, “INVIVO” ұжымының мамандарына үлкен алғыс айтамын. Медицина саласының бір бөлшегімен танысып біліскенімізге.

Ұжымға үлкен табыстар мен жемісті істер, биік белесті бағындырып Медицинаға қосқан үлестері үшін үлкен алғыс!!!

 

Каналбаева Мәдемі Өміртайқызы

                                                                                                      С.Д. Асфендияров атындағы

                                                                                                      Медицина универститетінің    

                                                                                                      2курсс студенті ЖМ факультеті.