Институт туралы




13.01.2014

 Институт туралы Институт ҚазҰМУ – дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Ғылыми кеңестің шешімінің негізінде ( №12 хаттама, 02.07.2013 ж.) Ректордың бұйрығымен құрылған және Университет жарғысы мен Университетті дамыту институты туралы ережемен әрекет етеді.Институт тікелей Университет Ректорына бағынышты.

Институт қызметінің мақсаты стратегиялық менеджменттің, әлеуметтік жауапкершіліктің, біріктірулер мен интернационалдандырудың, инновация мен көшбасшылықтың, дарындарды қолдау мен қызметкерлердің академиялық және ғылыми әлеуетін жоғарылатудың, дамыту мен медициналық және фармацевтикалық білім берудің барлық деңгейлері бойынша сапалы білім қызметін көрсетуде бәсекеге қабілетті басымдылықтарды күшейтудің, медициналық көмек көрсетудің, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және білім саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін жүзеге асыруды нәтижелікпен қамтамасыз етудің қағидаттары негізінде Университетті нық әрі ширақ дамытумен қамтамасыз ету болып табылады.      

Институт қызметінің негізгі міндеттері:

1)      Университетті дамытудың басымдылықтарын анықтау, саясатты қалыптастыру, Дамыту бағдарламасын өңдеуді үйлестіру, ұйымдастыру және оларды жүзеге асырудың құралдарын таңдау;

2)      Университетті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау;

3)      Шетелдік жетекші ЖОО-мен, медициналық және өнеркәсіптік мекемелермен, ғылыми орталықтармен, қоғамдық ұйымдармен ұзақ мерзімді екі жаққа пайдалы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту;

4)      Халықаралық ИСО 9001 стандарт талаптарына Университет қызметінің сәйкестігін бақылау;

5)      Халықаралық және ұлттық рейтингтерге Университеттің қатысуын әдістемелік негіздеу;

6)      Халықаралық, ұлттық институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредитацияға  Университеттің қатысуын әдістемелік негіздеу;

7)      Медициналық және фармацевтикалық білім беруде зерттеулер мен бақылаулар өткізу;

8)      Университет оқытушыларының құзыреттерін жоғарылату және кадрлық қорды қалыптастыру мақсатында Қызметкерлерді дамыту бағдарламасын өңдеуді, енгізуді бақылау және ұйымдастыру;

9)      Денсаулық сақтау және білім саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іс – шарасын жүзеге асыру бойынша Университеттің қызметтік есебін үйлестіру.

 

Институт төмендегідей басымдылықтар негізінде өз қызметін ұйымдастырады:

–           ашықтық, айқындық, үздіксіздік және білім беру үдерісінің бірізділігі;

–           ғылымның, білімнің және тәжірибенің бірлестігі;

–           халықаралық стандарттарға талпынуы.

 

Құрылымы  Университетті дамыту институтының құрылуы барысында төмендегідей құрылымдық бөлімшелер кірді:-         Стратегиялық жоспарлау бөлімі;

–         Халықаралық ынтымақтастық бөлімі;

–         Сапа менеджмент жүйесі бөлімі;

–         Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыда негіздеу орталығы;

–         Аккредитация және рейтинг тобы;

–         Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебі.

 

 

Әкімшілік Университетті дамыту институтының директоры –  м.ғ.д., профессор Мырзабеков Ораз Мырзабекович

                                                                                                           IP тел.: 7007

Стратегия бойынша директор орынбасары – м.ғ.д.,  профессор Табаева Алия Абиловна

                                                                                                            IP тел.: 7045

 

Дамыту бойынша директор орынбасары – м.ғ.д., профессор Сарсенбаева Сауле Сергазиевна

                                                                                                               IP тел.: 7515

Қызмет туралы жоспар және есебі 2013 – 2014 оқу жылдарына жұмыс жоспары