Жетістікке жет!




18.02.2014

2014 жылғы 17 ақпан күні Коммуникативтік дағдылар орталығының базасында «Көшбасшылық қабілетті дамытудың» екінші тренингі өтті.

Тренинг мақсаты: Белсенді өмірлік ұстаным мен көшбасшылық қабілетті дамыту.

Міндеттері: ұйымдастырушылық қабілетті дамыту; міндеттемелерді үйлестіруге үйрету; студенттермен жеке қарым-қатынас етуді қалыптастыру; топта өзін-өзі ұстай білуге, өзге топтастарының жеке ойы мен көзқарастарын сыйлай білуге тәрбиелеу; студенттердің белсенділікке, өзіне адамдарды ерте білуге, топта жұмыс істей білуге, ресурстарды дұрыс пайдалануға, өзіне жауапкершілікті ала білуге үйрету.

Тренингке университеттің 42 белсенді студенті қатысты.

Келесі тренингті 2014 жылдың 24 ақпанында өткізу жоспарланып отыр.