Жамбыл Жабаев




18.05.2016

Ұлы даланың-ұлы ақыны

«Егер біз Жамбыл даналығын тау етіп,

ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ,

оның басты себебі Жамбыл арманының

адамзаттық арман аңсарымен ұласып

жатқанында.Сондықтан да қазақтың

 Жамбылына адамзаттық

Жамбыл ретінде құрмет көрсетіп,

өлмес рухының алдында басымызды иеміз»

 

Н.Ә.Назарбаев

 

Жамбыл Жабаевқазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы.  Жамбыл Жабаев – өмірімен де, шығармашылығымен де  екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ол әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау, әрі жауынгер жыршы.

Жамбыл Жабаев – шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық – саяси поэзияны қалыптастырушы. Ақынның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды.  Биыл жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдық мерейтойы Республика көлемінде аталып жатыр. Осыған орай қазақ тілі кафедрасы  2016 жылы 18 мамырда, сағат 15.00 –де М.Мәметова атындағы дәрісханада  «Ұлы даланың-ұлы ақыны» атты кездесу кешін өткізеді. Кешке Жамбылтанушы, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, әдебиеттанушы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Өмірбекқызы, сондай-ақ әнші мен  жыршылар қатысады.

Кездесу кешін ұйымдастырушылар: қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент З.А.Абдуллина, доцент Р.Н. Дәрменқұлова және аға оқытушы А.Т.Рахымбаева.