Жалпы медицина факультеті




12.03.2013

Жалпы медицина факультетінің №1 жатақханасында  7-наурыз күні «Халықаралық әйелдер» күніне орай мерекелік кеш өтті. Бұл мерекелік кешті жатақхананың жігіттері қыздарға арнайы ұйымдастырып, мерекелік тарту жасады. Кеш тосын сыйларға толы болды. Анатомия, гистология және экономикалық теория модулі  оқытушылары: Досаев Тасболат, Шакенов Бауыржан, Тусупбекова  Нуржан, Халықов Мақсат сонымен қатар еліміздің бірқатар өнер жұлдыздары: Ұлықпан Жолдасов, Мұрат Қожа, Марат Көккозов, «Арай» тобы, Нұржан Керменбаев, Жанабай Өтегеновтер жатақханамыздың ару қыздарын арнайы құттықтап, тілектерін жолдады. Жатақханымыздың әнші жұлдыздары әсем әуендерін тарту етсе, жүргізіші жігіттер әр түрлі қызықты ойындар ойнатып ару қыздарымызға мерекелік көңіл күй сыйлады. Кеш соңы жастар би кешіне жалғасты.

№1 жатақханының студенттік кеңесі