Жалпы медицина факультетінде шахмат пен дойбыдан №1,2 жатақханада студенттер арасында жарыс өтті




17.10.2011

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 – жылдығына орай және студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында жалпы медицина факультетінің  №2 жатақхана студенттер кеңесінің төрайымы Өсімбай А. ұйымдастыруымен 12.10.2011 жылы сағат 17.00-де жалпы медицина факультетінің №1,2 жатақханасында шахматтан және дойбыдан студенттер арасында жарыс өтті.

Жарысқа №1,2 жатақханадан барлығы 44  студенттер құрамы қатысты, оның ішінде шахматтан 26 студент және дойбыдан 18 студент. Жалпы медицина факультетінің № 1,2 жатақханасында болған шахматтан және дойбыдан жарысқа, тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқарма бастығы Ильясов Н.Е., жалпы медицина факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Жиеналиев Ж.А., дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Унтаев Ж.төрелік етті.

Шахматтан 1 орын Омар Ануар Бахытжанұлы 1 курс 016-2 топ,  2 орын Тасполатов Даурен 2 курс, 3 орын Амени Махди 1 курс. Дойбыдан 1 орын Сейдуахапов Ж.  ЖМ  1 курс, 2 орын Аптөре Асмарал  ЖМ   2 курс , 3 орын Әштаева Самал    ЖМ  2 курс.

Жарысқа қатысқан жеңімпаз студенттер мақтау қағаздарымен, естелік  сыйлықтармен марапатталды.