ЕСЕП




04.12.2012

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі «Қазақстанда егде жастағы тұлғалардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы модельді (бағдарламаны) әзірлеу» (2011-2013 жж.) ғылыми-техникалық бағдарламасын орындау шеңберінде «Университет күндері» аясында 2012 жылғы 30 қараша күні «Белсенді ұзақ өмір сүрудің медициналық-әлеуметтік аспектілері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді жоспарлар отыр. Конференция Алматы қаласында 2012 жылдың 1 желтоқсанында өтеді.

Конференцияда 246 қатысушы тіркелді, әлемнің 5 мемлекетінен келген ғалымдар баяндама жасады (Қазақстан, Ұлыбритания, Жапония, Украина, Қырғызстан). Конференция қатысушылары түрлі елден келген ғалымдардың жаңа жетістіктерімен танысты және де олардың белсенді ұзақ өмір сүрудің медициналық-әлеуметтік мәселелері саласындағы әлемдік зерттеу процессіне қосқан үлесін атап өтті. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған ғылыми бағыттар уақыт талабына сай, себебі жыл сайын егде жастағы тұлғалардың үлесі артып отыр және 2020 жылға дейінгі болжам бойынша 25% құрайды. Бұл өз кезегінде, республикамызда геронтология және гериатрия саласында ғылыми, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді қажет етеді.

Қазақстанның АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Израиль, Қытай, Украина, Қырғызстан және басқа елдердің университеттері мен ғылыми орталықтарымен ынтымақтастығын ерекше атап өткен жөн.

Конференция қорытындысы бойынша Резолюция қабылданды.