Доктор А. Толымбек (Канада) С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға келді




24.12.2012

Тәуелсіздік жылдарынан кейін елімізде орын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер экономиканың барлық саласына әсер етті, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесі де бар. Денсаулық сақтау жүйесінің фармация саласы жоғары спецификалы сала болып табылады. Сондықтан дәріхана ұйымдарының меңгерушілері медициналық білімнен тыс стратегиялық менеджмент  және маркетинг, қаржы бизнесі, көшбасшылық, адам капиталын басқару және басқа да көптеген салалардан хабардар болуы тиіс. Ал ең бастысы олар жүргізілетін емнің экономикалық тиімділігін оған ықпал етуге қабілетті барлық факторларды ескере отырып, дұрыс есептей білулері тиіс әрі көрсетілетін қызметтерінің сапасы өте жоғары болу керек.

03.12.2012 – 23.12.2012 жыл аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң «Фармацевт-менеджер» модулі «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша менеджмент және маркетинг саласындағы өз жетістіктерімен танымал доктор, Ph.D. А.Толымбекті (Канада Менеджмент Институты (MIC) 5В110300 «Фармация» және 054800 — «Фармацевтика өндірісінің технологиясы» мамандығының студенттеріне, магистранттарына, докторанттары мен ОПҚ-на менеджмент және маркетингтің өзекті мәселелері жайлы дәріс оқуға шақырды.

Доктор А. Толымбек «Зерттеулер методологиясы, стратегиялық менеджмент, көшбасшылық», «Халықаралық бизнес, маркетинг», «Менеджменттің ақпараттық жүйелері», «Кәсіпкерлік (Entrepreneurship), «АҚШ, Канада және Еуропа одағының мемлекеттік басқаруы (Western Public Management)» курстарын әзірлеп енгізген.