Дискуссия « Do you follow a healthy way of life?»




28.04.2016

22 сәуірде 2016 ж №7 жатақханада сағат 15.00-де 15-003фөт, 15-009 жм,және шет ел студенттер факультетінің  15-053,15-054,15-056 тобының студенттерімен шет тілдер кафедрасы (кафедра меңгерушісі доц Сулейменова О.Я)«Do you follow a healthy way of life?» тақырыбына дискуссия өткізді. Ұйымдастырушылар: аға оқыт.Ұнасбаева Г.А., Ұлтанбекова З.Т., оқыт. Ибрагимова А.М.

Іс-шара факультеттік көлемде өткізілді. Мерекелік іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын сақтау. Студенттер үш тілде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде презентацияларын көрсетті. Сонымен қатар Дені саудың – жаны сау  деген мақалды ескере отырып, осы тақырыпта видеороликтер мен көріністерін ұсынды. Денсаулықты сақтау жолдары туралы сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты. Іс-шараның соңында студенттер өз өнерлерін паш етіп, ән айтып, би билеп жарысты.Аталған іс-шара барлық студенттердің қызығушылығын оятты.