ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ (PhD) ДОКТОРАНТУРА,МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!!




13.06.2012

 С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 2012-2013 оқу жылына қабылдауды хабарлайды:

 PhDдокторантураға мемлекеттік бюджет негізінде келесі мамамандықтар бойынша: 6D110200 – қоғамдық денсаулық сақтау;6D110400 – фармация;6D074800 – фармацевтикалық өндірістің технологиясы;

Магистратураға мемлекеттік бюджет негізінде және келісім-шарт негізінде келесі мамандықтар бойынша : 6М110100 – медицина , 6М110200 – қоғамдық денсаулық сақтау, 6М110300 – мейірбике ісі, 6М110400 – фармация, 6М110500 – медициналық-профилактикалық іс, 6М074800-фармацевтикалық өндірістің технологиясы; 6М050700 – менеджмент.

резидентурағамемлекеттік бюджет негізінде және келісім-шарт негізінде келесі мамандықтар бойынша:

акушерия және гинекология, эндокринология, оториноларингология, кардиология, офтальмология, неонатология, педиатрия, жұқпалы аурулар, дерматовенерология, неврология, онкология, патологиялық анатомия, психиатрия, балалар психиатриясы, сәулелік диагностика, сәулелік терапия, стоматология, травматология және ортопедия, фтизиатрия, жалпы хирургия, ангиохирургия, кардиохирургия, жак-бет хирургиясы,  балалар хирургиясы, аллергология және иммунология, ревматология, урология және андрология, нефрология, клиникалық лабораторлы диагностика, спорттық медицина,  ЖТД|жанұялық медицина.

 

Құжаттарды келесі мекен-жай бойынша жіберуге болады:050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі 88, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, докторантура, магистратура және резидентура бөлімі

 

 

Докторантура, магистратура және резидентураға құжаттарды қабылдауС.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №2 оқу ғимаратында 118 кабинетте (Бөгенбай батыр көшесі,152)докторантура, магистратура және  резидентура бөлімінде  жүргізіледі

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АРАЛЫҒЫ: 20 маусымнан20 шілдеге дейін

Анықтама телефоны: 87021104433

 

 

 

 

Резидентура, магистратура және(PhD)докторантураға қабылдау тәртібінен

 

         Магистратура,(PhD)докторантуражәне резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдау20 маусымнан бастап20 шілде аралығында жүргізіледі.

Магистратура, докторантура (PhD) және резидентураға  азаматтарды қабылдау бастапқы емтихандарының нәтижесі бойынша байқау негізінде жүзеге асырылады.

Магистратура, докторантура (PhD) және резидентураға тапсырушы азаматтар төмендегідей түсу емтихандарын тапсырады:

1) шет тілдердің біреуі бойынша  (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша.

Резидентураға түсуші шетелдік азаматтар төмендегідей түсу емтихандарын тапсырады:

1) қазақ тілі және орыс тілі бойынша (оқу тілі);

2) мамандық бойынша.

Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл – кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл кемінде – 6.0), Grundbaustein DaF (пороговый балл – С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл – С 1), Diplome d’Etudes en Langue français (DELF, шекті балл – В 2), Diplome Approfondi de Langue français (DALF, шекті балл – С 1), Тest de connaisances de français (TCF, шекті балл – кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын,француз, неміс) тест тапсырғандағы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары резидентураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтиханынан босатылады.

Түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.

Түсу емтиханды:2012 жылдың1-20 тамыз аралығы.

Сабақтардың басталуы: 2012 жылдың1 қыркүйегі

 

Магистратура,  (PhD)докторантура және резидентурағатапсырушы тұлағаларға қойылатын талаптар

Магистратураға жоғары білім берудің кәсіби оқу  бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.

Магистратураныңбілім беру бағдарламаларын  меңгеруге тілек білдірген тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі:

6М110100 – «Медицина» мамандығы бойынша : негізгі медициналық білім, жоғары медициналық білім;

     6М110200 –«Қоғамдық денсаулық сақтау»мамандығы бойынша:негізгі медициналық білім, жоғары медициналық білім, жоғары кәсіби білім;

6М110300 – «Мейірбике ісі»мамандығы бойынша:мейірбике ісі мамандығы бойынша жоғары білім;

6М110400 – «Фармация»мамандығы бойынша:негізгіфармацевтикалық білім,фармацевтикалық жоғары білім;

6М110500 – «Медициналық-профилактикалық іс»мамандығы бойынша:негізгі медициналық білім, жоғары медициналық білім;

6М074800 –«Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандығы бойынша:фармацевтикалық, химиялық жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

 

Докторантураға магистр академиялық дәрежесі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентураны бітірген тұлғалар қабылданады.

Докторантураның білім беру бағдарламаларын  меңгеруге тілек білдірген тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі:

6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша: медициналық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура немесе  резидентура, докторантура мамандығының профилі бойынша клиникалық ординатура).

6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»мамандығы бойынша:докторантураның профиліне сәйкес келетін даярлау профилі бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура).

6D110400 – «Фармация»мамандығы бойынша:докторантураның профиліне сәйкес келетін даярлау профилі бойыншажоғары оқу орнынан кейінгі білім(магистратура);

6D074800 – «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы»мамандығы бойынша:барлық химиялық және фармацевтикалық  мамандықтар бойынша  магистратутра.

Қайта реквизиттеуге жататындар: жалпы химиялық технология, фармацевтикалық өндірістің үдерісі және аппараты, дәрі-дәрмектер технологиясы, өндірісті жобалау және жарақтандыру, биофармация, биотехнология.

 

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі– базалық медициналық білім (жоғары медициналық білім) жәнеинтернатура.

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі алдыңғы білім деңгейіне немесе жұмыс өтіліне байланысты төмендегіні құрайды:

Терапевтикалық және педиатриялық профилі мамандықтары бойынша  резидентураға тапсырушы азаматтар үшін:

1) терапия, педиатрия профилі және жалпы дәрігерлік тәжірибемамандықтары бойынша  бұрынғы алған білімінің деңгейі мен еңбек өтілі болса – 2 («кардиология» мамандығы бойынша –3 жыл);

2) терапевтік емес профиль немесе жалпы дәрігерлік тәжірибе мамандықтары  бойынша бұрынғы алған білімінің деңгейі мен еңбек өтілі болса (терапия, педиатрия немесе  жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша  интернатураны өтпегендер) «нөлдік жылды» оқумен 3 жыл («кардиология» мамандығы бойынша – 4жыл). Оқудың бірінші  жылы  тапсырушының  өз қаражаты  есебінен немесе басқа да көздер есебінен оқуға  төлемақысымен «нөлдік жыл» ретінде өткізіледі.

Хирургия профилі мамандықтары бойынша резидентураға тапсырушы азаматтар үшін:

1) хирургия профилі немесе жалпы дәрігерлік тәжірибе мамандықтары  бойыншабұрынғы алған білімінің деңгейі мен еңбек өтілі болса – 3 жыл («ангиохирургия, кардиохирургия, нейрохирургия, пластикалық хирургия» мамандықтары бойынша – 4жыл).

2) хирургиялықемес профиль бойыншабұрынғы алған білімінің деңгейі мен еңбек өтілі болса,«нөлдік жылда» оқумен 4 жыл («ангиохирургия, кардиохирургия, нейрохирургия, пластикалық хирургия» мамандықтары бойынша – 5 жыл). Оқудың бірінші  жылы  тапсырушының  өз қаражаты  есебінен немесе басқа да көздер есебінен оқуға  төлемақысымен «нөлдік жыл» ретінде өткізіледі.

Клиникалық мамандықтар бойынша бұрынғы алған білімінің деңгейі мен еңбек өтілі болса,сәулелік диагностика, сәулелік терапия, клиникалық фармакология,  патологиялық анатомия, сотттық-медициналық сарапатама, клиникалық лабораторлы диагностика, спорттық медицина, медициналық реабилитология, төтенше жағдайлар және апат кезіндегі медицина, токсикология, медициналық генетика мамандықтары бойынша оқу мерзімі – 2 жыл.

 

Магистратура,  (PhD)докторантура және резидентураға тапсырушы азаматтар университетке төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1)  университет ректорының атына өтініш;

2)  нотариалды куәландырылған:

2.1.жоғары оқу орындарын бітіргендігі туралы дипломның көшірмесі (дипломға қосымшасымен);

2.2.интернатураны өткендігі туралы куәліктің көшірмесі,

2.3. келесі бағдарламалар бойынша шет тілінен тапсырған тесттің сертификаты:

Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл – кемінде 560),

International English Language Tests System (IELTS, шекті балл кемінде – 6.0),

GrundbausteinDaF (шекті балл – С 1),

Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл – С 1),

Diplomed’Etudes en Langue français (DELF, шекті   балл – В 2),

DiplomeApprofondi de Langue français (DALF, шекті балл – С 1),

Тest de connaisances de français (TCF, шекті балл – кемінде 400),

3) 5х6 көлеміндегі суретпен кадрлар есебі жөніндегі жеке қағазы парағы;

4) мінездеме(мекеме басшысының қолымен);

5) кепілдемелік хат (бар болған жағдайда);

нотариалды  куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

6) 3,5×4,5 көлеміндегі алты сурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;

8) жеке куәлігінің көшірмесі;

9)ғылыми және және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда);

10) портфолио (бар болған жағдайда);

11) құжаттар тізімі

12) келісім-шарттың бекітілгенін және  оқуға кететін шығындарды төлегенін кепілдендіретін хат (қандай да бір мекемемен оқу ақысы төлену шартымен резидентураға ақылы негізде түсушілер үшін)

(PhD)докторантураға тапсырушы азаматтар жоғарыда аталған құжаттардан басқа  келесі құжатарды ұсынуы керек:

1) зерттеу өзектілігі, жаңашылдық, зерттеу  міндеті мен мақсаты, зерттеу әдістері мен материалдары, болжанатын нәтиже,  зерттеу жүргізудің күнтізбелік кестесі сипатталынатын диссертацияның аннотациясы түрінде жасалынған болжанған  отандық немесе шет елдік ғалыммен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі;

2) ғылыми және және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;

Берілген тармақтарда көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге тексеріп салыстыру үшін құжаттардың түп-нұсқалары ұсынылады. Тексеріп болған соң құжаттардың түп-нұсқалары қайтарылады.

 

Магистратура,  (PhD) докторантура  және резидентураға  қабылдау

Магистрант, докторант және резидентура тыңдаушыларының қатарына  қабылдау комиссиясымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдануға бастапқы емтихандардан мамандық бойынша және шет тілі бойынша  тапсырған емтихандары  әр пән бойынша  100 – баллдық бағалау шкаласы бойынша кемінде 150 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.

Нақты ереженің 4- тармағында көрсетілген шет тілін (ағылшын, француз, неміс) тапсырғандығы туралы сертификаты бар ҚР Азаматтарына 100 балдық бағалау шкаласы бойынша ең жоғарғы балл есептелінеді.

Байқаулық балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мамандық бойынша, шет тілі, қазақ тілі және орыс тілі бойынша нақты Ереженің қосымшасына сәйкес 100-баллдық бағалау шкаласы бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған азаматтар айрықша құқық алады. Одан кейін үміткердің ЖОО-да оқуының бүкіл кезеңіндегі оқу жетістіктері GPA– Grade Point Average,  таңдаған мамандығының профиліне сәйкес келетінғылыми және басқа да жетістіктері ескеріледі.

Докторантурада оқуға қабылдау кезінде докторантура байқауына ұсынылған жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі ескеріледі.

Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесін бағалау арнайы пән бойынша түсу емтихан өткізілгеннен кейінгі келесі күні емтихандық комиссия мүшелерімен өткізіледі.  .

Жоспарланған зерттеуді бағалауды өткізу үшін докторантураға әрбір талапкердің  диссертациялық зерттеуінің аннотациясы комиссияға талапкердің аты-жөнінсіз ұсынылады.

Жоспарланған диссертациялық зерттеудіңбағасы келесідей бағалауларды кіріктіреді:өзектілігі, жаңашылдығы, зерттеу  міндеті мен мақсаты, зерттеу әдістері мен материалдары,күнтізбелік кесте, зерттеудің орындалған көлемі, зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдар.

Диссертациялық зерттеуді ңаннотацияның әрбір тармағы  100-балдық бағалау шкаласы бойынша бағаланады, одан кейін балмен орташа көрсеткіш шығарылады.

Магистратура, докторантура және резидентурада мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша нысаналы орындарға азаматтарды қабылдау  нысаналы орындарға үміткер тұлғалардың арасында жеке жүргізілетін байқаулық негізде жүзеге асырылады.

Нысаналы даярлау шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша  түскен әрбір магистрант, докторан және резидентура тыңдаушысымен  «Университет– денсаулық сақтауды басқару немесе емдеу-профилактикалық мекемесі – резидентура тыңдаушысы,«Университет– ЖОО немесе ҒО (ҒЗО)–магистрант немесе докторант» үш жақты келісім-шарты бекітіледі.

 

Құжаттарды келесі мекен-жай бойынша жіберуге болады:050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі 88, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, докторантура, магистратура және  резидентура бөлімі

Анықтама телефоны: 87021104433

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын

 іске асыратын білім беру ұйымдарына

оқуға қабылдаудың Үлгі Ережесіне қосымша

 

 

4 және 100 балдық бағалау шкаласы бойынша бағаны аудару жүйесі

 

100 балдық бағалау шкаласы бойынша балдар

 

4 балдық бағалау  шкаласы бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы  (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағататандырылмаған  (2)