Алматы облысында кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті




01.03.2016

ҚазҰМУ-дағы кәсіби-бағдар беру жұмысы

Алматы облысында кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті

 

2016 жылдың 26 ақпанында сағат 11.30-16.00 аралығында Талғар ауданы Қызылқайрат ауылының Мәдениет үйінде ҚР жетекші ЖОО-ның қатысуымен Алматы облысы, Талғар қаласы және осы ауданның жоғарғы сынып оқушыларына арналған Республикалық «Современное образование» журналының редакциясы мен Алматы облысы білім беру басқармасының ұйымдастырумен оқу орындарының көрмесі – кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті.

Университеттің Республикалық «Современное образование» журналының редакциясымен бірлескен жұмысы аясында Кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің өкілі – «Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» кафедрасының доценті Г.А.Арынова, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша – «Денсаулық сақтаудағы саясат және басқару» кафедрасының оқытушысы Н.В.Тё, «Фармация» мамандығы бойынша – «Фармацевт-технолог» модулінің оқытушысы Г.С.Ибадуллаева аталған іс-шараға қатысып, Талғар ауданының жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кәсіби бағдар беру форумының қатысушыларына «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге 85 жыл» фильмі көрсетіліп, оқушыларға ҚазҰМУ-дің доценті Г.А.Арынова, оқытушысы Г.С.Ибадуллаева факультеттер туралы презентация жасады. Сонымен қатар, Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған ЖОО көрмесінде мектеп оқушылары мен ұстаздарына маман дайындау бағыттары, ҚазҰМУ-ге оқуға түсу мен құжат тапсыру ережелері туралы кеңестер беріліп, Университет жайлы ақпараттық материалдар таратылды. Оқушылар Кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығының мамандары мен университет оқытушыларына өздерін қызықтыратын, толғандыратын сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды.