Визуалды диагностика кафедрасы




19.07.2011

Алматы мемлекеттік медицина институтында 1953 жылы рентгенология және радиология кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі және ұйымдастырушысы 31 жастағы м.ғ.к. Сайым Балуанұлы Балмұханов болды. 1958 жылы радиология мәселелері бойынша докторлық диссертациясын қорғап, профессор атағына ие болды. Қазақстанда алғаш кафедраның базасында сәулемен анықтау бойынша кәсіптік патологиямен (силикоз, кониоз) байланысты фундаментальды ғылыми зерттеу жұмыстары, сонымен бірге сол кезде өзекті мәселе жүрек-қантамыр және жүйке жүйесі жағдайына иондағыш сәулелердің әсер ету механизмін анықтау бойынша радиобиологиялық бағыттағы зерттеулер жүргізіле бастады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі кафедра қызметкерлерінің диссертацияларды қорғауы болды, олардың аты кейіннен елімізде танымал болды. Олар: м.ғ.д. проф. Серғазин А.Ғ., м.ғ.д. проф. Жолкивер К.И., м.ғ.д. Казангапова Т.К., м.ғ.д., м.ғ.к. Пурышева Е.Н., доц. Бренер Д.М. және т.б.

1962 жылдан 1985 жылға дейін рентгенология мен радиология кафедрасын проф. Серғазин А.Ғ. басқарды. Оның жетекшілігімен Бренер Д.М., Өсер К.С., Әбішев Х.А., Крючков А.Т, Казымбетов П.К.диссертация қорғады.

1986-1988 жылға дейін онкология кафедрасы мен рентгенология жене радиология кафедрасы біріктіріліп менгерушісі м.ғ.д., профессор Әбисатов Х.Ә. тағайындалды.

1989 жылдан 2001 жылға дейін кафедраны академик С.Б. Балмухановтың шәкірті Әбдірахманов Ж.Н. басқарды.

М.ғ.к. К.С.Өсердің ерең еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол кісінің қаламымен Қазақстан Республикасындағы Жоғарғы оқу орындарының қазақ тілінде оқитын студенттеріне арналған рентгенология оқулығы, сәулемен дертті анықтау жөнінде қазақ тілінде терминологиялық сөздік жазылған.

2001 ж. қыркүйек айынан бастап онкология кафедрасы сәулемен дертті анықтау және емдеу кафедрасымен қайта қосылып, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д. профессор Арзыкулов Ж.Ә. тағайындалды.

2007ж. тамыз айының екінші жартысынан бастап сәулелік диагностика пәні онкология кафедрасынан бөлініп өз алдына «Визуалды диагностика» кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Хамзин А.Х. тағайындалды. Ол 1984 жылдан 2003 жылға дейін ҚазО және РҒЗИ рентгендиагностика бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 150 ғылыми еңбегі бар, оның ішінде 2 монография, 6 өнертапқы. Оның шәкірттері 1 докторлық, 7 медицина кандидаттық диссертацияны қорғады. Хамзин А. «Отличник здравоохранения СССР», «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (екі рет) белгілерімен марапатталған.

Қазіргі таңда кафедрада сәулемен дертті анықтау (классикалық рентгенология, КТ, МРТ, УДЗ, радионуклидті диагностика) пәні бойынша жалпы медицина факультетінің 3-курс студенттері, тіс емдеу факультетінің 2, 3-курс, педиатрия факультетінің 4-курс студенттері, интерн-хирургтар, терапевтер, педиатрлар және бала хирургтары (қазақ, орыс, шетел топтары) білім алуда. Кафедра қызметкерлері оқу-әдістемелік құралдар, демонстрациялық материалдардың (электрондық нұсқасы және рентгенограммалар, КТ және МРТ сканограммалар оригиналдарын, УДЗ сонограммалары, радионуклидті сцинтиграммалар), дәрістік материалдардың электрондық түрін дайындады. Кафедрада оқыту мақсатында мультимедиялық материалдар кеңінен қолданылады.

Профессор А.Хамзин стоматологиялық факультетіне арналған сәулелік диагностикадан типтік оқу бағдарламасын дайындады. Кафедра қызметкерлері жалпы медицина факультетінің, педиатрия факультетінің және интерндерге арналған сәулелік диагностика пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасын дайындады. МОС-2009 сәйкес сәулелік диагностика мамандығы бойынша резиденттерге оқу жұмыс бағдарламасы жасалды (профессорлар А.Хамзин, Ж.Ж. Жолдыбай, И.Т.Тажединов).

Кафедрада «Оптимизация методик облучения местнораспространенных форм рака шейки матки путем комбинации с метрономной химиотерапией», «Лучевая диагностика послеоперационных осложнении на ранних этапах в современной торакальной онкохирургии» тақырыптарындағы ғылыми зерттеулер табысты жалғасын табуда.

Ғылыми тақырыптардың орындалуымен қатар қалалық рентгенолог-дәрігерлер мен науқастарға кафедра тарапынан тәжірибелік-кеңестік жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда қазақ тілінде оқу-әдістемелік әдебиеттер тапшылығынан 2009-2010 жылдары кафедра қызметкерлері З.К.Тулеутаева «Лучевая диагностика и дифференциальная диагностика рака легкого» оқу құралын, А.Хамзин, И.Т.Тажединов, К.М.Нурумбетов, К.К.Далибаева, М.С.Садыков «Онкологиялық ауруларды визуалды зерттеу әдістері» және «Визуальные методы исследования в онкологии» оқу-әдістемелік құралдарын, А.Хамзин «Сәулелік диагностика. Кеуде қуысы мүшелерінің қалыпты және ауруларының рентгеногиялық негіздері», А.Хамзин, Н.И.Иноземцева «Атлас лучевой диагностики нормы и патологии молочных желез», А.Хамзин, Бурхан Н. «Сүт бездерінің қалыпты және ауруларының сәулелік диагностика атласы» монографиялары басып шығарды.

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі жұмысын бастады. Студенттер арасындағы тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөлінеді. Кафедра қызметкерлері өздерінің студенттік топтарының оқу үлгерімдерін талқылайды, студенттердің аралық мемлекеттік бақылауының дайындығына көмек көрсетеді, қазіргі заманның зиянды және қауіпті әдеттерінен алшақ жүруіне бағыт береді.

Кафедра қызметкерлері өздерінің кәсіптік деңгейлерін үнемі жоғарлатуда, университет тарпынан ұйымдастырылған семинарлар, тренингтерге қатысады (сертификаттары бар).