Визитинг – профессор Орвил Брюс Адамс




12.10.2012

2012 жылдың қазанында Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департаменті Оттава (Канада) университетінің адьюнкт-профессоры, аудандық медициналық қызмет көрсету және эпидемиология бөлімінің халықаралық қатынастар магистрі, визитинг-профессор Орвил Брюс Адамсты шақырды.

ҚазҰМУ-дағы білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында профессор Орвил Брюс Адамс білім беру үдерісін ұйымдастыруға қатысатын университеттің құрылымдық бөлімдерінің бастықтарымен  кеңес өткізді.

1 және 10 қазан аралығында Орвил Адамс «Білім беру үдерісін басқарудың тиімділігін бағалау» семинарын және университеттің оқытушы-профессорларына мастер-кластар өткізді. Оқыту  аяқталған соң оқытушыларға сертификат табыс етілді.