Визитинг – профессоры Нида




14.12.2012

Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығы. Визитинг – профессоры Нида Жемайтене өткізген  «Жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық: суицидтің превенциясы, интервенциясы, поственциясы» атты семинар.

10.12.12 – 14.12.12Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығында визитинг – профессоры Нида Жемайтене (Литвиялық денсаулық ғылымдары университеті (ЛДҒУ), Каунас қ., Литва) өткізген  «Жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық: суицидтің превенциясы, интервенциясы, поственциясы» атты семинар өткізді.

Нида Жемайтене – психология саласындағы PhD, психологиялық денсаулық кафедрасының жетекшісі (ЛДҒУ),  Шығыс Европа қалаларына психологиялық қолдау көрсету және басқару саласындағы сертификатталған тренер және кеңесші.

Семинарға  80 адамдай қатысты, оның ішінде  С.Д.Асфендияров атындағы   ҚазҰМУ практикалық дәрігер-психиатрлары, резидент – психиатрлары, оқытушылар, стажер– оқытушылар, педагог – психологтар (ҚазМемҚызПУ), мектеп психологтары.

Семинар барыснда суицидтардың эпидемиологиясы, дағдарыс психологиясы және суицидтік мінез – құлық , жастар арасындағы суицидтің көбеюіндегі  алкоголизацияның рөлі  және т.б.  маңызды мәселелер талқыланды. Ақпаратты зерттеуде интерактивті  әдістер қолданылды: рөлдік ойындар, дискуссия, әр-түрлі  мәселелер бойынша топпен жұмыс, видео ақпаратты демонстрациялау және т.б..

Семинардың аяқталу барысында қатысушыларға ҚазҰМУ  сертификаттары берілді.

ҚазҰМУ Коммуникативтік дағдылар орталығы және Литвиялық денсаулық ғылымдары университеті (ЛДҒУ), Каунас қ., Литва арасында  ғылыми жобалар жоспарланды.