Визитинг-профессорлар университетте..




21.11.2012

            Университетімізде Оқу-әдістемелік жұмыстар депаратментінің щақыруымен Оңтүстік Каролина Университетінің профессоры Уолтер Ханклокси және Ресей Федерациясы «Педагогические измерение» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы, профессор   Аванесов Вадим Сергеевич семинар, тренингтер өткізіп жатыр.

            Профессор У.Ханклокси университеттің оқытушы-профессорларына, оқу-әдістемелік департамент қызметкерлеріне және стажер-оқытушыларға арнап «Медициналық мектептерге арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізеді, сонымен қатар оқу департаменттерінің басшыларына арнап кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді. Профессор кредиттік технология талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік әзірлемелерді, силлабустарды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу барысындағы тәжірибесімен бөлісті.

Профессор В.С.Аванесов Тестілеу орталығында университеттің тестолог ғалымдарымен «Бақылау-өлшеу құралдарының сапасын арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, тестология саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды. Ғалымның басшылығымен тестік тапсырмалар жинағы басылымға әзірленіп жатыр.