Валеология модулі




31.03.2016

5

 Валеология модулінің жетекшісі м.ғ.к. Айхожаева Мирбану Тоқсанбайқызы

  ҚазҰМУ-де валеология модулі 1995 жылы құрылды. ҚазҰМУ-нің құрметті профессоры, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сатпаева Х.Қ. валеология пәнінің негізін қалаушысы әрі алғашқы жетекшісі болған. Сосын профессор Абишева Зауреш Садырқызы басқарды. Қазіргі таңда модульге м.ғ.к. Айхожаева М.Т. жетекшілік етуде.

1998 жылдың қаңтарында ғылыми-кеңестік және оқу-әдістемелік жоғарғы оқу орындары арасында «Валеология орталығы» ашылды. Валеология модулінің қызметкерлері валеология бойынша  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 5 оқу-әдістемелік құралын шығарды.  Медициналық және педагогикалық оқу орындарына арналған валеологиядан қазақ және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құралдар,   «Денсаулық кітапханасы» 15 брошюралар, «Валеология – тұрғындар денсаулығының ғылыми негізі» (1997ж) бірінші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары басылып шықты. Көп жылдар бойы халықаралық «Бөбек» балалар қорының қаржылық қолдауымен П.К. Ивановтың «Қарғам» жүйесінің организмге әсерін зерттеу жүргізіліп отырды. Зерттеу нәтижелері ғылыми конференциялардың баяндамаларында және 770 басылымдарда көрсетілген. 2011 жылдың желтоқсан айында модуль қызметкерлері ҚазҰМУ-да валеология курсының негізін қалаушы Х.Қ.Сатпаеваға арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. «Физиологияның, медицина және педагогиканың өзекті мәселелері» атты конференция материалдары жарық көрді. Модуль қызметкерлерінің 7 монографиясы басылып шығарылды.  Модульде «Студенттер денсаулығы» тақырыбына бағытталған (Д. Соростың гранты) және  «Ана-плацента-ұрық жүйесінің перинаталдық гипоксияға иммуно-гормоналдық бейімделуі» (Адам және жануарлар физиологиясы институтымен бірлесіп ) бойынша 2 ғылыми жоба жасалынды.

Модульдің профессорлық-оқытушылар құрамымен оқу үдерісіне жаңа интерактивтік оқыту әдістері құрастырылып енгізілді (TBL, пресс-конференция, дискуссия, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар, т.б.) және 12 енгізу актісі алынды.

2012 жылдың қыркүйек айында ҚазҰМУ-де ҚР ғылым қайраткері, құрметті профессор Х.Қ. Сатпаева атындағы «Өмір туралы ғылым» орталығының мерекелік ашылуы болды.

Қазіргі таңда валеология модулінде 3 профессор, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы жұмыс атқарады.

6