Балам дейтін ел болмаса,елім дейтін бала қайдан шығады?




03.11.2011

Қазан айының 28-ші жұлдызында сағат 11:00 –де еліміздің ЖОО-ның көшбасшы қатарындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жаңадан ашылған химия корпусында, ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұйымдастыруымен үздік оқитын студенттердің жиналысы болды. Сол жиында еліміздегі ЖОО-ның   ректорлары және біздің университетіміздің ректоры Айқан Аханұлы да  болған еді.ЖОО-нан 370 студент қатысты.

Университетіміздің де 7 үздік студенттері сол жиналысқа қатысқан болатын. Соның ішінде,  өзіміздің стоматология факультетінің 3 курс студенттері: Ержанов Әділ Ержанұлы,Жанбулатова Динара Мурзабековна ,Месов Олжас Советханұлы қатысты. Куратор ретінде, университетімізден стоматология факультетінің декан орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұрасыловна барған болатын. Жиналыста талқыланған мәселердің бірінде «Еліміздің ЖОО-да оқитын студенттер өз Отандарында, яғни Қазақстанда жұмыс  істеп, шет елге емес, Қазақстанға пайдасын тигізсе екен» деп айтылған еді. «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан шығады?» демекші, Бердібек Сапарбаев үздік студенттерге аз да болса,шағын көмек ретінде әр студентке 8 мың теңге көлемінде ақшалай сый-сияпат берді. Алдағы уақытта әр облыстың,әр ауданның әкімдері студенттерге  қолдау көрсетіп,осындай пайдалы іс-шаралар ұйымдастырады деген сенімдеміз.

                                           Стоматология факультетінің                тілшісі Кадирова Жулдыз