Арулар асыл жандар…




11.03.2013

Көктемнің мерекелі де берекелі айы наурыздың 7-ші жұлдызында №2 студенттер үйінде 8-ші наурыз нәзік жандылар мерекесіне орай «Арулар асыл жандар»  атты салтанатты іс-шара болып өтті. Мерекелік кешті студенттер үйінің сері жігіттері ұйымдастырып, ән шырқап, би билеп, ойындар ойнатып қызықты өткізді. Жатақханамыздың сұлу да сымбатты нәзік қыздары кешіміздің сәнін келтірген қонақтары болды. Қонақтарымызға гүл шоқтары табыс етілді.