Арулар- асыл жандар» атты жалпы медицина факультетінің №6 жатақханасында өткізілген мерекелік құттықтау кеші




12.03.2013

Достар менен туыс десіп

Шаңырақты биіктетіп,

Жанұяны ырысты етіп,

Сәбиіңді иіскетіп, Арулар

Бұл өмірде тек бақытты табыңдар!

Ақылы мен сәнін көріп,

Жүректерге жалын беріп,

Сүйгендерге нәрін беріп,

Күйгендерге бәрін беріп, Арулар

Махаббаттың шуағы болып қалыңдар!

Арулар!

Сендер аман,

Сендер аман болыңдар – дей отырып наурыздың 7 жұлдызында  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің №6 жатақханасында атаулы жатақхана студенттер кеңесінің және жатақхана жігіттерінің ұйымдастыруымен «Арулар- асыл жандар» атты мерекелік құттықтау кеші өткізілді.

Мерекелік кеште жатақхана жігіттері аруларға көптеген тосын сыйлар жасап, өнерлерін паш етіп қыздардың ықыласына бөленіп жатты. Кештің жұлдыздары, Таджимуратова Әйкерім, Абаси Мухаммад Самим, Тынысбекова Гүлжайна сынды әншілеріміз көрермен қауымды керемет әндерімен бақыт құшағына бөлесе, Аронова Арайлым қазақтың қара домбырасымен күйін шертіп Кадри Мухаммад Юсуф қыздарға арнаған өлең шумақтарын тарту етті. Бұл  кеште жігіттерден құралған Көңілді Тапқырлар Клубы қыздарымыздын жүзін күлкіден айырмады. Ал олар үшін ойнатылған көптеген қызықты ойындар кешіміздің көркін одан әрі күшейте түссе, бұл қызықтың барлығын қорыта отырып, кеш тізгінін қолына ұстап, оны кереметтей етіп жүргізу құрметі  Артықбаева Әсем мен Садвакасов Шыңғысқа бұйырды.

Кеш қонақтары, Жалпы медицина факултетінің декан орынбасарлары Роза Алмабековна мен Айнұр Рысқановна кештен керемет әсерлерін алғанын айтып,  жатақхана аруларын мерекелерімен құттықтап, жатақхана кеңесінің құрамына мадақтау грамоталарын ұсынды.

Қорыта келгенде мереке кешіне аруларымыз да, қонақтарымыз да, ұйымдастырушылар да дәм риза болды. Ендеше, Құрметті Арулар сіздерді өткен мейрам Халқаралық Әйелдер күнімен тағы да шын жүректен құттықтап мына өлең шумақтарын арнаймыз:

Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!

Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:

2-Жүргізуші:   Карау жүрсін қашық,
Алшы тұрсын асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!

Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Кұрастырсын құдай,
Табысынды тапқан!

№ 6 жатақхананың мәдениет секторы

Артықбаева Әсем, жалпы медицина факультетінің

3 курс, ЖМ10-11-2 топ студенті

ХАБАРЛАНДЫРУ

шакыру б