Ана тілі аруы-2011




30.05.2011

2011 жылы мамыр айының 6-сы күні С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде, Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі шара – «Ана тілі аруы» байқауы өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізіліп отырған бұл байқауға шешендік өнерді меңгерген, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты  бойына сіңіріп өскен әр факультеттен талантты студент жастар қатысты.

Ақылына көркі сай сайыскер арулар өздерін таныстырудан, білім сайысынан, ұлттық салт-дәстүрден сахналық қойылым көрсетуден және пантомимо өнерін көрсетуден сынға түсті. Үміткерлердің қай-қайсысы болмасын, бұл сайысқа жоғары дайындықпен келгендіктерін көрсетті.

Сонымен, байқау нәтижесіне келетін болсақ, қазылар алқасының шешімімен бас жүлде «Жалпы медицина» факультетінің студенті Апсеметова Ардақтың қанжығасына бұйырды. Ал бірінші орынды «Педиатрия факультетінің» студенті Айтбаева Эльмира иеленсе, екінші орын  «Педиатрия факультетінің» студенті Есболсынова Жадыраға берілді, сонымен қатар, «Емдеу факультетінің» студенті Оразбекова Тоғжан үшінші орынды қанағат тұтты.

Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен (домбыра), дипломдармен марапатталды.