Алматы телеарнасы




04.06.2013

Кеше, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Белсенді ұзақ өмір сүру!» атты форум өтті

65464654

«Белсенді ұзақ өмір сүру!» Бүгін, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен бірінші халықаралық форумның тақырыбы осындай. Басқосуға қатысқан АҚШ, Австрия, Ұлыбритания, Украина және отандық мамандар қартаймаудың әрқилы жолдарын қарастырды.

Адамның өмір жасын ұлғайтуды мақсат тұтқан жиынға келген сарапшылар арнайы бағдарлама дайындапты. Мәселен, Украинаның бас гериаторы, егде жастағы науқастардың дәрігері Вера Чайковская еліміздің мамандарымен бірлесе отырып өз ұсыныстарын әзірлепті.

ВЕРА ЧАЙКОВСКАЯ, УКРАИНАНЫҢ БАС ГЕРИАТРЫ: Бұл бағдарлама әр адамды жеке тексеріп, әрбір ағзаның жағдайын анықтап, оның қандай дәрігерге жүгіну керектігі жөнінде кеңес береді. Сондай-ақ, ем ақысын көрсетеді.

Әдемі қартая білудің өзі өнер! Осы тұрғыда отандық мамандар үш жылдан бері, түрлі шаралар атқарып келеді. Соның бірі, Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ-да ашылған геронтолгия кафедрасы мен ардагерлер үйіндегі арнайы бөлме.

АЙҚАН АҚАНОВ, «С.Ф. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ» РЕКТОРЫ: Қазақстанда бүгін қарттардың, кәрі адамдардың саны өсіп келе жатыр. Он жыл бұрын, олардың саны 3-4 пайыз болатын болса, қазір 7,5-8 пайызға дейін келіп қалды. Бүкіл Дүниежүзілік, әлемдік денсаулық ұйымының мәліметі бойынша 7 пайыздан асқан халық қартайған халық, ел болып саналады.

Медицина саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан Төрегелді Шармановтың ұзақ өмір сүруге қатысты айтар кеңесі мынадай.

ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ, «С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ» БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, АКАДЕМИК, ПРОФЕССОР: Бірден-бір жолы ортаңа жылы, таза, салауатты көзқараспен қарау керек. Адамға жамандық ойламау керек. Жақсылықтың төңірегінде ойлау керек. Нерв системаң, сенің жүйкең тозбайтындай кәдімгідей тұрақты түрде болатындай болу керек. Сосын дұрыс тамақтану мәселесі.

Форумға қатысушылар, «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Аталған шара, 15 маусымға дейін жалғасады. Сарапшылар мен профессорлар емделудің сапасын арттыруды және қартаймаудың жолдарын табуды көздеуде.

Перизат Көмекбайқызы, әл-Фараби Гусенцов, «Алматы» телеарнасы

http://www.almatytv.kz/kz/news/razdel-1/keshe-s-zh-asfendiyarov-atynda-y-aza-ltty-meditsin.html?sphrase_id=3516