Жаңалықтар.

«Өнерлі факультет-2015» байқауы

              С.Ж.Асфендияров атындағы  Қазақ Ұлттық Медицина университетінің 85 жылдығына,

Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойлар құрметіне арналған  университетіміздің факультеттері арасында «Өнерлі факультет-2015»  байқауы 20-шы ақпан күні өз жұмысын бастады. Байқау Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің жастар мәдени шығармашылығы орталығы мен университет факультеттерінің бірігіп ұйымдастырып, бірге біріге атқарып отырған мерекелік іс-шарасы болып табылады.                                         Байқауды ұйымдастыру мақсаты барысында   университет аясында жұмыс істеп жатқан көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысын жандандыру, нәтижесін көрсету, ауқымын кеңейту және өнерлі талантты жастарды айқындау, мәдени шығармашылық бағытта  істелініп жатқан жұмысты ұйымшылдықпен бірге атқару. Факультетаралық «Өнерлі факультет»  байқауының бірінші кезеңінде «Көңілді тапқырлар» клубы командалары, «Мәңгілік ел-ұлт мұраты» тақырыбында видеоролик және  музыкалық аспаптарда ойнау жарысы бойынша студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Байқау барысында стоматология, жалпы медицина факультеттерінің және  шетел студенттері деканатының студенттері өте жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрде өнер көрсетті.                                                                                                                                                            Фармацевтика және қоғамдық денсаулық сақтау факультеті байқаудың екінші кезеңіне қосылып, өз өнерлерін ортаға салатын болады. Музыкалық аспаптарда ойнау байқауында стоматология факультетінің «Үздік ұлттық аспаптар ансамблі» және Көбеков Сағындық «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша үздік атанды. Жалпы медицина факультетінен қосымша  Вокалды инструменталдық ансамблінен  екі топ өнер көрсетті. Олар биылғы бірінші курс студенттері мен жоғарғы курс студенттері. Бірінші курс студенттерінің аспаптармен дайындалып жүргендеріне  бір айдай уақыт шамасында, бет алыстары өте жақсы. Егер, осы қарқында жұмыс жасап, дайындықтарын күшейтетін болса, болашақта үлкен жетістіктерге жететіні анық. «Үздік ВИА ансамблі» номинациясы бойынша  интернатура 6 курс студенті А.Искаков және стоматология факультетінің 4 курс студенті К.Евдокимов  ерекшеленді. Сонымен қатар өзінің анасына арнаған Анама» авторлық шығармасын орындаған Рахмет Ермекке «Үздік авторлық шығарма» номинациясы белгіленді. Музыкалық аспаптарда ойнау байқауы бойынша жалпы ұпай санымен бірінші орында жалпы медицина факультеті тұр.            Видеоролик байқауы бойынша стоматология факультеті бірінші орында, екінші орында шетел студенттері деканаты және үшінші орында  жалпы медицина факультеттері орын бөлісті. Көңілділер, тапқырлар клубы командаларынан  алда жалпы медицина факультеті, екінші орында стоматология және үшінші орында шетел студенттері деканаты. Шетел студенттері деканаты дайындық курсының студенттері орыс тілін енді үйреніп жатса да, ерекше құлшыныспен бар күш-жігерін салып тырысып, өз өнерлерін көрсетуде. Университетіміздің факультеттері арасында өтіп жатқан «Өнерлі факультет-2015» байқауы 10 сәуірге дейін жалғасады. Байқаудың нәтижесі жайында мәліметтер  беріліп отырады. Факультеттерге өнер сайысында тек қана сәттілік тілейміз!

                                                                                                      Көркемдік жетекші С.А.Апсаттарова


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *