Жаңалықтар.

Медициналық университеттің ашылуымен қатар студенттерге қосалқы топтағы медициналық қызмет офицерлерін дайындау үшін әскери медициналық оқытулар жүзеге асып жатты.  Ең алдымен (1931 жылдан 1935 жыл аралығына дейін) медициналық оқытулар институттың әскери жетекшілерімен өткізілді (В.Брукендалов., Н.Т.Сукин., В.М.Петров.).

Санитарлық тактика мен санитарлық-химиялық қорғаныс түрінде өткізілді.

1938 жылдың қаңтар айында әскери кафедра құрылды.  Кафедраның алғашқы жетекшісі В.В.Чудинов болған. Әскери кафедраның штаты 4 адамнан құрылған. (Қаулы  ХКК КСРО 1937 жылдың 10 қараша айынан және 1938 жылдың 02 ақпан айынан ВКВШ). 1939 жылдың 16 ақпан айынан бастап институттың туыстас кафедраларында әскери медициналық тәртіпті өткізу сабақтары ұйымдастырылды.

Госпиталдық хирургия кафедрасының ішінде әскери-далалық хирургия кабинеті ашылды. Токсикология, уландырғыш заттар сабағы жеке курс ретінде фармакология кафедрасында өткізілді, оны  доцент Г.Т.Севастьянов өткізді.

Әскери кафедраның қызметкерлері институтта спорттық жұмыс пен бұқаралық қорғаныс сабақтарын жүргізді.  Сонымен қатар әскери кафедра  соғыс жылдары ОСОВИАХИМ, кейінірек ДОСААФ жұмыстарына белсене қатысты.

Соғыс уақытынан кейін де кафедра өзінің дамуын жалғастырды. 1944 жылдан бастап кафедра полктің медициналық  мүліктерімен  толықтырылып жабдықтандырылды. Кафедра 2 корпустың 5 бөлмесінде орналасты. 1945 жылдың соңында кафедрада бір профессор-Л.А.Рабинович, бір доцент-В.В.Чудинов және 8 аға оқытушылар  жұмыс істеді.

Қорғаныс жұмыстарына қатысты кафедрада үнемі ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп отырды. Медициналық жабдықтау, токсикология және медициналық қызмет тактикасы тақырыптарына қатысты  диссертациялар қорғалды (профессор Л.А.Рабинович., доцент А.А. Беляков., доцент В.В.Чудинов., профессор И.И.Сиверцев.). Кафедрада ҚазССР-інің еңбек сіңірген фармацевті Г.М.Денисенко., А.М.Еремьянц және А.П.Савченко сияқты  ҚазССР еңбек сіңірген дәрігерлер қызмет етті.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 1992 жылынан пайда болу сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін әскери кафедра 6000 қосалқы топтағы медициналық қызмет офицерлерін дайындады.

Институттың көптеген түлектері әскери дәрігер болды, сонымен қатар  жауапты жоғары қызмет орындарын басқарған  ҚК КСРО (генерал- полковник Б.В.Гайдар — ., Әскери-Медициналық Академиясының бастығы,  генерал-майор Э.В.Добриков — Оңтүстік жасақ тобының медициналық қызмет бастығы, профессор Ю.М.Полумисков- ЦОЛИУВ құрамындағы медициналық факультеттің әскери кафедра бастығы).

Біздің университеттің әскери кафедрасының түлектері ҚР ҚК қатарында басқарушылық лауазымдарда әскери қызмет етті. Олардың ішінде медициналық қызметтің генерал-майоры Т.С.Нұрмагамбетов — ҚР ҚМ Әскери-Медициналық Басқармасының бірінші бастығы, м/қ полковнигі С.Н.Дубинин — ҚР ҚМ бірінші бас провизоры, м/қ полковнигі А.С Высочин — ҚР ҚМ бірінші бас хирургі.

Қазақстан Республикасының құрылғанына байланысты, әскери кафедрасының негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қосалқы топтағы медициналық қызмет офицерлерін дайындау болып табылады.  Кафедраның штаттық кестесіне сәйкес 9 оқытушы және 8 адам оқу  — көмекші қызметкерлері қарастырылған.

Кафедра келесі әсери-есептік мамандықтар бойынша әскери дәрігерлерді дайындайды:

  • Құрлық әскерлеріндегі емдеу ісі;
  • Жалпы стоматология;
  • Жалпы гигиена, жалпы эпидемиология;
  • Фармация.

Кафедрада жалпы әскери дайындық, медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасы, әскери токсикология, радиобиология және ядролық және химиялық қарудан медициналық қорғау, медициналық мүлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды өткізу үшін мамандандырылған сыныптар жабдықталған.

Әскери-далалық хирургия, әскери далалық терапия, әскери гигиена және әскери эпидемиология, әскери стоматология университеттің клиникалық кафедраларында өткізіледі.

Сабақтарды жүргізу барысында медициналық мүлік, штаттық жинақтар, палаталық қор және бригаданың медициналық ротасының далалық жабдығы және жеке медициналық жасақтың тетіктері, радиациялық және химиялық барлау құралдары, жеке қорғаныс құралдары қолданылады.

Әскери кафедраның ең алғашқы бастығы 3-ші дәрежелі әскери дәрігер доцент Виталий Васильевич Чудинов болған.

Кейін кафедраға жетекшілік еткен:

  • м/қ полковнигі, профессор Л.А.Рабинович (1945-1949жж.);
  • м/қ полковнигі И.П.Князев (1949-1956жж);
  • м/қ полковнигі С.Ж.Жарылқапов (1956-1957жж.);
  • м/қ полковнигі, мғк А.А.Беляков (1957-1963жж.);
  • м/қ полковнигі К.А.Абенов (1963-1976жж.);
  • м/қ полковнигі А.М.Еремьянц (1976-1983 жж.);
  • м/қ полковнигі Ю.Г.Емельянов (1983-1994 жж.);
  • м/қ полковнигі Р.К.Қазбағаров (1994-2004жж.);
  • м/қ полковнигі Қ.А.Абдымомунов (2004-2010жж.);
  • м/қ подполковнигі Қ.Б.Жарымбетов 2010-2012 жылдар аралығында уақытша кафедра бастығы лауазымының қызметін атқарды;
  • м/қ полковнигі, мғк Ж.Т.Исабаев – 04.2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін.

Университеттің көптеген студенттері кафедрада әскери-медициналық дайындықты өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында дәрігер ретінде өздерінің әскери кәсіптік борыштарын атқаруда.

Олардың қатарында: м/қ подполковнигі Рыспаев Т. – ҚР ҚМ Орталық медициналық қоймасы бастығының орынбасары, м/қ подполковнигі Нагаева Н.Г. – құрлық әскерлері Институтының медициналық қызметінің бастығы, м/қ подполковнигі Габбасова З.Б. – Алматы қаласы әскери-клиникалық госпиталінің дәріхана бастығы, м/қ майоры Васецкий А.Н. – Алматы қаласы әскери-клиникалық госпиталінің инфекциялық бөлімінің бастығы, м/қ майоры Даулетова С.А. – Алматы қаласы әскери-клиникалық госпиталінің функциональді диагностика бөлімінің бастығы және т.б.

Қафедраның үш офицері: полковниктер Қазбағаров Р.К., Калистратов В.С., Жаксигельдинов М.Т. жоғары мемлекеттік марапатпен – «КСРО Қарулы Куштерінде Отанға қызметі үшін» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталған.

Қазіргі уақытта университетінің әскери кафедрасында, м/қ полковнигі м.ғ.к. Ж.Т.Исабаевтың басшылығымен 5 аға оқытушы және 1 оқытушы студенттерге өз тәжірибелерін беруде.

Кафедраның офицерлері оқытушылық жұмысқа әскердегі жұмыстың бай тәжірибесімен келген: м/қ подполковнигі Искалиев Р.И. ҚР КМ  әскери-клиникалық госпиталі бастығының тәрбие және әлеуметтік – құқық жұмысы бойынша орынбасары лауазымынан, шектен тыс м/қ полковнигі Абдымомунов Қ.А. – ҚР Қарулы Күштерінің медициналық құрамы Интернатурасының бастығы лауазымынан, полковник Шушбаев М.Қ – Алматы Зооветеринарлық институтының әскери кафедрасы бастығының орынбасары лауазымынан, полковник Жаксигельдинов М.Т. – ҚР ҚМ Артиллериялық қару-жарақ Департаменті бастығының лауазымынан, м/қ подполковнигі Лесбаев Ә.Т. – Бригаданың медицина қызметінің бастығы лауазымынан, қосалқы топтағы м/қ полковнигі Дмитриев П.В. – әскери поликлиниканың бастығы лауазымынан, шектен тыс м/қ подполковнигі Исаков И.М. – ҚР ҚК Интернатурасы бастығының уақытша міндеттерін атқарушы лауазымынан.

Олармен бірге жұмыс істейтіндер – оқу зертханаларының меңгерушілері: шектен тыс полковник Алшанбаев Қ.Д. – ҚР ҚМ Радиоэлектроникалық Әскери институтының оқу бөлімі бастығы лауазымынан келді, Б.М. Уркинбаева, И.А.Свистунова және де аға лаборант Г.Н.Оразалиева.

2010 жылы кафедрада Б.Момыш-ұлы атындағы Әскери-патриоттық тәрбие орталығы құрылды. Ол орталық университеттің барлық тәрбие шараларына белсенді түрде қатысады.

Әскери кафедраның оқытушылары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің деңгейінде өткізілетін барлық шараларға үнемі қатысады.

2012 жылдың 9-18 қыркүйегі аралығында әскери кафедраның аға оқытушысы қосалқы топтағы м/қ подполковнигі Лесбаев Ә.Т. бастауымен университеттің делегациясы келесі бағыт бойынша: Алматы қ. – Мәскеу қ. – Смоленск қ. – Витебск қ. – Невель қ. (Псков обл. РФ) – Санкт-Петербург қ. – Орал қ. – Алматы қ. сапарында болды — Совет Одағы Батыры Мәншүк Мәметованың даңқ жолдары жерлерімен, оның туып-өскен және қайтыс болған жерлерімен.

Делегация тобы Мәншүк Мәметова зиратынан бір уыс топырақ және де оның биографиялық құнды заттарын алып келді.

Әскери кафедрасының қатысуымен университет деңгейінде Мәншүк Мәметованың (Алматы медицина институты студенті) туылган күніне 90-жыл толуына байланысты шаралар өтті.

Осы шараларға Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс Министрі, Халық Қаһарманы – армия Генералы Нұрмағамбетов С.Қ. қатысты.

Әскери кафедрасының оқытушысы қосалқы топтағы м/қ подполковнигі Лесбаев Ә.Т. бастауымен университетіміздің студенттер командасы, әскери кафедрасында оқитын, Алматы қаласының әскери кафедраларының және әскери-оқу орындары арасындағы спорттық шараларға қатысып, жоғары көрсеткіштерге жетті.

Әскери кафедрасы студенттерінің тобы 2013 жалдың 4-8 ақпанында гирлік қоссайыс және армрестлинг жарыстарынан жеке-командалық жарыстарға қатысты. Ол жарыстар Алматы қаласында ҚР ҚМ Орталық армияшылар клубының спорттық комитетінің оқу-жаттығу Орталығының спорттық кешенінде әскери жоғары оқу орындарының курсанттары орасында ҚР ҚК-нің 2-ші Спартакиадасы бағдарламасы бойынша өткізілді.

Келесі стендтер дайындалды:

  • ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналған (Олар Отанын Қорғады);
  • Қазақстан – 2050 жыл;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері;
  • ҚР ҚМ жоғары әскери басшылығының әрекеті туралы;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы коллаж.

2012 жылдың 16 ақпанындағы № 561-ІҮ ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметкердің дәрежесі туралы» Заңына сәйкес, 2013 жылдың 11 ақпанындағы № 118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, «Азаматтарды әскери қызметке дайындау, ұйымдастыру және өткізу, және де алғашқы әскери дайындықтың оқу-әдістеметік қорын қалыптастыру» Ережелерінің 12 бабын орындау аясында, 2013 жылдың 3 қыркүйегіндегі № 32 Алматы аймақтық Гарнизонның бастығының бұйрығымен және 2013 жылдың 15 қазанындағы № 1546 С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і Ректорының бұйрығымен әскери кафедра алғашқы әскери дайындықты, жастармен патриоттық және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсету үшін Алматы қаласының Алмалы ауданының 17 орта және арнайы оқу орындарын жетекшілікке алды.

 

Comments are closed.