Жаңалықтар.

Ұлы Жеңіске — 65 жыл

 

 Жалпы гигиена және экология кафедрасының ұйымдастыруымен 29-30 сәуір күндері «Ұлы Жеңіске — 65 жыл» атты студенттердің ғылыми теориялық конференциясы болып өтті. Конференцияға әскери кафедрасынан Б.Момыш-ұлы атындағы әскери патриоттық тәрбие беру қызметінің полковнигі Калистратов В.С. және «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының доценті Снытин И.А., кураторлар: Ибрагимова Н.А., Балабекова Ж.Ж., Көсемова Э.Т., Баялиева Р.А., Ахметова Ж.Ш., Сыздыков Д.М., Адилгерейұлы З.А. қатысты.

Соғыс кезіндегі жағдайды, батыр жауынгерлер еңбегін, тылдағы жұмыстарды, жалпы ұрыстың ауыр зардаптары мен қатал қиындықтарының, қазіргі кезде ардагерлерге Елбасы тарапынан жасалынып жатқан іс-шаралар туралы полковник Калистратов В.С. өз баяндамасында шебер жеткізді.

Мәншүк Маметова, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов сынды батыр, жауынгер, жау алдынан қайтпас өр тұлғалар туралы баяндамаларды Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенттері: Булякбаева Г., Исанкулова А., Абдирахманова А., Хамитова, Өсербаев М., Айтбаева және  т.б. баяндап өтті.

Батырлар есімін студенттердің жүрегіне жол тауып, жетік жеткізе білді.

Талғат Бигельдинов – қазақ атын әуедегі айқастары арқылы бүкіл Кеңес Одағына паш еткен, қазақ халқының ержүрек ұлы.

Бауыржан Момышұлы – соғыс жылдарында қатал әскери басшы болып қана қоймай, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білімгер, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білген батыр.

Мәлік Ғабдуллин – ел басына күн туып, Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып, өз еркімен майданға аттанған, қаhармандықтың асқан үлгісін көрсеткен, бірнеше медальдармен марапатталған Кеңес Одағының батыры.

 Мәншүк Мәметова  — ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына не бары 21 жасында ие болған тұңғыш Шығыс қызы.

Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Біз, жастар ата – бабаларымыздың үлкен қиындықпен алған, бейбітшілікті аңсаған егеменді заманға жеттік. Сол үшін Ұлы Жеңістің туын желбіреткен өр тұлғаларға зор алғыс! Тарихқа өшпестей ерлікпен із қалдырған батырлар есімі үнемі алтын әріптермен жазылып, Отан үшін күресі ешқашан да ұмытылмай, мәңгі жадымызда қалады.

                                                                                       Профессор Джуланова К.Н.,

топ кураторы Ибрагимова Н.А.,  

Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің

1-курс студенті Булякбаева Г.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *