Жаңалықтар.

8.04.2015 ж. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетінің тарихи мұражайында Ұлы Жеңіске арналған «Майданнан хат» атты кеш өткізілді.

Ұйымдастырушылар: Этикалық кеңес (Тағзым), орыс тілі кафедрасы

Модераторлар:орыс тілі кафедрасы оқытушылары Сагинбекова Н.К.,магистр

Ермекбаева Г.С

Осы  іс-шараның  барысында  Этикалық  кеңестің  төрағасы, ректордың кеңесшісі, профессор  Мустафина Ж.Г; профессор,орыс тілі  кафедрасының  меңгерушісі Жанпейс У.А  сөз  сөйледі. Әскери  сахналық  қойылым, видеороликтер, фотоэкспозициялар  назарға  ұсынылды. «Жалпы  медицина» факультетінің  019,035 – топтарының  1-курс студенттері  соғыстың батырларына  арнаған  өздерінің  хаттарын  оқыды.  Көптеген әндер орындалды: «Тос,мені,тос» — Тілеуберді Ж., Көпжасар Е.;     «Жас қазақ» — Адилхан А., Бейсенбаева М.; «День Победы» — хор  және  күй  «Өмір жолы».

        Студенттер  іс-шараға  белсене  қатысты  және  саяси-идеялық  ақпарат  ала алды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *