Дәрiгерлiктiң құқығы және мiндеттерi.

«Үкіметтік сағат» шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның кеңейтілген отырысы болып өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабымен анықталған адам құқықтары негізінің бірі адамдардың денсаулығын сақтау құқы болып табылады, ал мемлекет саясаттың нәтижелілігі халық денсаулығын жақсартуға бағыттылған іс шараларымен анықталады.

Азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқықтары Қазақстан Республикасының 12 –і бірдей заңымен анықталады: олардың ішіне негізгілері болып мыналар : Денсаулық қорғау туралы, Денсаулық сақтау жүйесі туралы, Санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Дәрі –дәрмек құралдары туралы заңдар. Бұл заңдарды қолданудың негізгі бағыты азамттар мен сырқат адамдардың емделу құқықтары мен мүдделерін қорғау болып саналады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі екі жылда бір рет ақысыз кепілдендірілген медициналық көмек көрсету көлемін қарайды. 2008–2009 жылдарға бекітілген Тізім былтырғы жылға қарағанда едәуір кеңейтілді және өз құрамына халыққа бастапқы дәрігерлік – санитарлық, консультатциялық– диагностикалық, жедел және шұғыл көмек көрсету, стационарлық көмек көрсету түрлерін қамтиды, оның ішінде адам ағзасына қарсы профилактикалық емдер мен салауатты өмір салтын қалыптастыру іс шаралары енгізілді.
Ақысыз кепілдендірлген медициналық көмек деңгейі өмірлік маңызды дәрі –дәрмекті негізгі тізім деңгейінде ақысыз қамтамасыз ету, халықтың барлық топтары үшін шұғыл жағдайда пайдалану, іш құрылысы ауруларында, асқыну, бақытсыздық жағдайларда, жарақат алғанда, уланғанда, сондай-ақ жүкті және бала туу кезінде тегін қамтамасыз ету ескерілген.

Денсаулық сақтау саласында азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру үшін республикада 1000 аурухана мен 4000 амбулаториялық – емханалық мемлекеттік ұйымдар қызмет етеді, ол ұйымдарда 184 мың медициналық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 57 мыңыдәрігерлер болып келеді.
Барлығы республика бойынша 119 мыңнан астам аурухан төсектері бар, сондай-ақ халыққа 143 ауруханалық және 1 мың жеке нысандағы амбулаторлық– емхана объектілері қызмет көрсетеді.
Жылсайын Қазақстанда 2,5 млн адам тұрақты емдеу қабылдайды, 100 млн адам амбулаториялық– емханалық мекемелерде қаралып тіркеледі, 5 млн адам жедел медициналық көмек шақыртулармен қамтамасыз етіледі.
Былтырғы жылы 27 республикалық клиникада 46 мың сырқат жоғары кәсіби медициналық көмек алды, үш жылдың ішінде шетелдерде 250 ден астам азамат емделді.
Бұл көрсеткіштер Қазақстан халқы үшін денсаулық сақтаудағы конституциялық құқықтар іске асырылатыны көрсетеді.
Мемлект басшысы Н.Ә.Назарбаев денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударады және соңғы жылдардың басты оқиғаларының бірі 2005–2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы болды. Мемлекеттік бағдарлама денсаулық сақтау саласын жаңартуға жаңа бағыттар ашты, келешекте бірінші кезекті мақсаттар мен міндеттерді анықтады.
Мемлкеттік бағдарламаның бірінші сатысы салаға кең көлемді инвестициялар енгізуге бағытталды: техникалық модернизациялауды жүргізу, денсаулық сақтау инфрақұрылымының құрылысы мен дамыту, бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетуді нығайту шешілді, медициналық қызмет көрсету түрлері сапасын көтеру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Бүгінгі таңда Мемлекеттік бағдарламаның бірінші үш жылдағы міндеттері негізінен орындалды.
Халықтың әл ауқаты нашар топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі Мемлекеттік іс шараларынегізгі медициналық – демографиялық көрсеткіштердің жақсаруына алып келді: бала туу өсімі жоғарлады, жалпы адам өлімі төмендеді, халықтың табиғи өсімі пайда болды. Ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеді, әлеуметтік қауіпті аурулардың қатары тұрақты төмендеуі: туберкулез, қатерлі ісіктің қайта пайда болуы, инфекциялық патологиялардың, психикалық қозу, жарақатану төмендеуі байқалады.
Ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелеріне басты назар аударыла бастады. Тұрақты түрде бала мен аналарды медициналық қарау жүргізіледі, әйелдердің 70 проценті сәйкес ем алып жазылды.
Жалпы білім беру мектептерінде медициналық пункт орындарын қалпына келтіру сатылап жүргізілуде.
Халықтың кейбір топтары мен ауруларды тегін және жеңілдіктер арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету енгізілді.
Мемлекет бюджет есебінен дәрі –дәрмек үшін экономикалық мүмкіндіктер туғызу үшін тұрақты емделушілерге және ауруларға, сондай-ақ амбулаториялық емделу түрлері бойынша дәрі тегін жіберледі.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Үкімет 2007 жылы аналар мен сәбилердің өлімін төмендетуге бағытталған, сондай-ақ әлеуметтік қауіпті аурулардың түрлері: қан айналымы жүйесінің аурулары, туберкулез және АИЖВ/ИЖТС ауруларын, қан қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын қалыптастыру салалық бағдарламаларды бекітілді және іске асырылуда.
Медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру үшін үш жыл ішінде материалдық-техникалық база едәуір жақсартылды: 3200 денсаулық сақтау ұйымдары күрделә жөндеуден өтті, 173 жаңа объект іске қосылды.
Бастапқы медициналық– санитарлық көмек көрсету ұйымдары қажетті медициналық құрал жабдықтармен және қажетті санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген.
Қазақстан дәрігерлерін шетелдерде оқыту тәжірибесі жалғасуда. Соңғы жылдарда 2,5 мың дәрігер қызметкерлер шет елдердің медициналық орталықтарында, оның ішінде АҚШ, Германия, Дания, Израиль, Ресей, Словакия және басқа да елдерде оқудан және қайта даярлаудан өтті.
Медициналық кадрлар жетіспеушілігін ескере отырып жылсайын ЖОО студенттерді қабылдау өсуде, бүгінгі күні жылына 4,5 мың студентті құрайды, ал 2000 жылы -1050 студент болатын.
Аймақтарда бюджеттерді біріктіру қорытындысында екі жыл ішінде облыс деңгейінде адам басына шаққандағы шығындардың айырмашылығы едәуір қысқарды. Соңғы жылдарда республиканың бір тұрғыны есебінің шығындары 2004 жылы 8740 теңгеден 2007 жылы 20196 теңгеге өсті. Бұл жұмыста жалғаса бермекші.
Сонымен бірге оң даму динамикасында бірінші жетістіктер медициналық– демографиялық міндеттер- адам өмірін ұзарту және халықтың өлімін төмендету үшін әлі де болса жеткіліксіз.
Республикада медициналық қызмет көрсету сапасы әлі де жеткіліксіз. Бұл туралы халықтың көптеген арыз шағымдары көрсетеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі Комитеттің мәліметтері бойынша жылсайын арыз шағымдардың 70 процентінің негізі бар.
Комитет тексерістерінің қорытындысы бойынша 3259 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде осы жылдың бірінші жартыжылдығында 1196 әкімшілік іс қозғалды. Құқық қорғау және сот органдарына 455 материал жіберілді.
Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына жасалған сұратулар қорытындысы медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі мен емделу мүмкіндігі жеткіліксіз екендігі анықталды. Халықтың үштен бірі ғана амбулаториялық –емханалық және стационарлық көмек көрсету сапасы жақсы деп бағаланды. Сұрату жасалған респонденттердің жартсының көбі соңғы жылдарда медициналық көмек көрсетудің жақсара бастағанын айтты.
Азаматтардың медициналық көмек көрсету сапасына құқықтарын іске асыру үшін 2006 жылдан бастап медициналық қызмет көрсету саласын реттейтін заңдарға өзгерістер енгізілді, медициналық қызметкерлердің сапасыз медициналық қызмет көрсетуі мен заңсыз медициналық қызмет көрсеткедігі үшін әкімшілік құқықтар бойынша Қазақстан Рсепубликасының Әкімшілік Кодексіне өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ азаматтардың арыз шағымдарын дұрыс қарау, сондай-ақ Денсаулық министрлігі көрсететін қызметтердің сапасын көтеру мақсатында Денсаулық министрлігі тәуелсіз сараптама институтын дамытуға, медициналық қызмет жабдықтаушыларды аккредициялау біліктілік бағасы жүйесін жетілдіру мақсатында нормативтік актілер жасалды. Алғашқы рет медициналық ұйымдарды аккредитациялау стандарттары, осы стандарттар мен ережелерді сынау жүргізілді. Денсаулық сақтау саласында біліктілік процедураларын жетілдіру бұл қызметтерді үкіметтік емес ұйымдарға беру мақсатында үнемі жетілдіру үстінде. Республикада диагностиканы және көп таралған ауру түрлерін емдеу хаттамасының тәжірибесі енгізілді.
Осы мәселелерді шешу үшін Денсаулық министрлігі саланы үш жыл мерзімінде дамыту жөніндегі Стартегиялық жоспар жасады және оны Үкімет қолдады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты халық үшін медициналық қызметтердің сапасы мен қаралу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады, медициналық ұйымдар қызметін бағалау жұмыс нәтижесі бойынша бағаланатын болады.
Бірінші – біз өз қызметімізде халықтың өлімі мен мүгедектікке ұшырауының негізгі себептеріне басты назар аударамыз.
Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлімнің болуын төмендету мақсатында Қазақстан Рсепубликасында кардиологиялық қызметті дамыту Бағдарламасы жүзег асырылуда.
Биылғы жылдан бастап Астана, Алматы және Павлодар қалаларында қазіргі кезеңдегі кардиологиялық орталықтарды жобалау мен құрылысын жүргізу басталады.
Биылғы жылы Қарағанды, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында қолқа қан тамырын кеңейту бойынша операциялар басталды. Осындай оперциялардың саны өсіп келеді, егер де 2005 жылы Қазақстанда жүрекке 800 оперция жасалса, 2008 жылы хирургиялық жолмен жүрекке араласу арқылы 3,5 мың операция жасалмақшы деп жоспарлануда.
Биылғы жылы тағы да 4 аймақта /Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Атырау облыстарында/ кардиохирургиялық бөлімдер ашылатын болады, ал 2009 жылы Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ашылады.
2010 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында кардиохирургиялық көмек көрсетілетін болады және жүрек ауруларының клиентеріне жергілікті мекені бойынша көмек көрсетілетін болады.
Артериалдық гипертания және жүрек қысымымен ауратындарға амбулаториялық жағдайда дәрі-дәрмекпен тегін қаматамсыз ету жалғаса береді. 2009 жылдан бастап аталған топ азаматтарын тегін дәрілермен қаматамсыз ету 100 процентке жеткізу мақсатқа қойылды.
Онкологиялық патология ауруларынан ауру мен өлу деңгейі басты проблемалардың бірі болып қалып отыр, ол аурулар олардың басында анықтау және толық медициналық емдеуге тікелей байланысты. Сондықтанда денсаулық сақтау жүйесінің күші алдын алу диагностикасына, қазіргі тиімді көмек көрстеу мен реабилитацияға байланысты.
Басты назар дер кезінде онкологиялық патология ауруларының визуалдық жоюға бағытталады, ол көп шығында қажет етпейді, бірақ жоғары тиімділігімен ерекшеленеді. Аймақтар рак безі ауруы диагностикасының қазіргі кездегі маммографтарымен жабдықталатын болады.
Қазақстан мемлекет есебінен онкологиялық ауруларды химиялық аппараттармен толық қамтамасыз ететін ТМД елдер арасындағы бірден – бір мемлекет.
Келесі жылы біздерге онкогемотологиялық патология пациентеріне ми сүйегін трансплантация жасау орталықтарын ашу қажет, осы ауру топтарын қажетті химиялық перапарттармен қамту қажет. Бірінші рет гемофилимен ауратындар мемлекет тарапынан қанды ұйытатын дәрілермен қамтамсыз етіледі.
Былтырғы жылдан бастап Жаһандану қоры және Денсаулық министрлігі арсындағы келісімдермен түберкүлезбен ауратындарға көмек көрсету бойынша іс шаралар жүзеге асырылуда, бұл мақсаттарға 9,8 млн АҚШ доллары жұмсалды.
Түберкүлез ауруын алдын алу және емдеу мәселелері бойынша бүгінгі таңда маманадар дайындығы, ауруды сақтандыру және халықты әлеуметтік жұмылдыру болып табылады,негізінен қаржат ос ыбағыттарға жіберіледі.
Түберкүлезге қарсы қызметтің аудиті жүргізілді және түберкүлез диагностикасы стандарттарын жасау, түберкүлезге қарсы дәрі –дәрмектің сапасы талаптарына, түберкүлезге қарсы медициналық ұйымдарға госпиталдау, эпидемиологиялық бақылау шаралары, материалдық-техникалық жабдықтаку жөнінде кешенді шаралар жасалды.
Қазақстан Республикасында 2006–2010 жылдары СПИД эпидемиясына қарсы бағдарламаны орындау жөніндегі жұмыстар жалғасын таубда. Донорлық қан өткізу қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында, бұл бағдарламаелімізде қан қызметі технологиялық құрал-жабдықтарын жаңарту ды ескерген, қанды өңдеу және қан препараттарынының өндірісі жөніндегі қазіргі заманға сәйкес завод құрылысы, аймақтарда 8 жаңа қан өткізу орталықтары мен қолда бар орталықтардың күрделі жөндеуі ескерілген. Азаматтардың ерікті түрде қан өткізуі дамымақшы, ішік жәнен сыртқы бақылау жүйесі енгізілді, донорлардың Ұлттық регистрі жасалды.
Дер кезінде АИЖВ – инфекциясын жұқтырғандарды бақылау үшін АИЖВ-ке қаралуға тиісті құрам кеңейтілді. АИЖВ инфекциясын және ИЖТС жұқтырғандар үшін вирусқа қарсы терапия енгізілді.
Барлық аймақтарда сенім пунктттері ашылды, олар нашақорлыққа тәуелділерді үйретуді, хабарландыруды және кеңес беруді жүзеге асырады, сондай-ақ егу шприцтері мен инелерді ауыстырумен шұғылданады.
Мектеп оқушылар, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері арасында АИЖВ/ИЖТС алдын алу жұмыстары бойынша ақпараттық– оқыту жұмыстары жүргізіледі.
Келесі мәселе – жарақат алу. Елімізде жылсайын 600 мың адам жарақат алады, 2007 жылы ғана ЖКО 5 мың адам қаза тапты, өндірісте жарақат алушылардың да саны жоғары, жарақат алушылардың саны 20 жастан 40 жасқа дейінгілер.
Адамдардың қылықтық аурулар деңгейі де өте жоғары: шылым шегу /22,8 процент/, дененің артық салмағы /36,9 процент/, арақ ішімділігі /18,1 процент/
Осыған байланысты сектораралық және ведомствоаралық бірлескен іс әрекеттер қажеттігін көрсетеді.
Сонымен стртегиялық жоспарында Министрлік мемлекттік органдармен бірлесіп әлеуметтік қауіпті ауруларды төмендету, ішімдікке, нашақорлыққа, шылым шегуге қарсы күресу бірлескен іс қимылдары ескерілген, сондай –ақ дене шынықтыру мен спортты дамыту, балалардың денсаулығын жақсарту, мектептерде ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру, салауаттық өмір салтын кеңінен насихаттау, жол қауіпсіздігін насихаттау сияқты жұмыстар белгіленді.
Қоғамның денсаулығын жақсарту мақсатында биылғы жылдан бастап 2008–2010 жылдарға арналған салауатты өмір салты» атты Бағдарламаны жүзеге асыру іске асырылады, бағдарлама шеңберінде салауатты өмір салты шараларын қалыптастыру іс шараларына қаржыландыру денсаулық бюджетінің жалпы 1 процетінен 3 процентіне дейін өсетін болады.
Екінші -ана мен бала денсаулығының мәселелері әлеуметтік саясат басымдылқтарының бірі.
Тууға көмектесетін ұйымдардың тәжірибесіне қазіргі кездегі тиімді тууға көмектесетін технологиялар енгізілген, туу алды диагностиканың скринингі және балалардың іштен және тұқым қуалау ауруларын алдын алу жүргізіледі. БДС ұсынған аман туудың жаңа критерилеріне көшу қызметтің бұл түрінде жаңа сапалы жұмыстарға көшуге мүмкіндік берді.
Былтырғы жылдан бастап республикада бірінші рет дыбыс есту нашар балаларға кохлеарлық имплантация бойынша 28 ерекше опреция жасалды. Бұрын 2007 жылға дейін елімізде мұндай әдістер мүмкін емес болатын. 2008 жылы бұндай операциялардың 150-ін өткізу жоспарлануда.
Балалардың өмірінің алғашқы екі жылында ауруға және өлімге ұшырау деңгейін төмендету үшін осы жылдың екінші жартсынан бастап елімізде гемофильдік инфекциядан балалард қорғау үшін вакцинация енгізілді.
Үшінші – Республикада әкімішілік реформалар шеңберінде денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Қазіргі кезде осы бағыт бойынша саланың тиімсіз инфрақұрылымы және денсаулық сақтауды басқарудың тиімділігінің жеткіліксіздігі болып отыр.
Министрліктің стратегиялық жоспарында ауруханаларды нормалау мен типтендіру жолымен ауруханалық секторды реструктуризациялау ескерліген. Ел Президентінің 100 денсаулық объектісі бағдарламасына сәйкес жаңа объектілерді енгізу ескі құрал –жабдықтарды қысқарту жолымен бірге жүретін болады. Болашақта көп профилдік ауруханалар моделі орын алатын болады, онда пациенттер диагностикалық қызметтің барлық түрлері мен жан –жақты емделетін болады.
Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласында Ұлттық медициналық Холдинг құрылды, ол жоғары мамандандырылған көмек көрсететін ғылыми, практикалық база, медиицналық кадрларды дайындау мен қайта даярлау орталығы болуы тиіс. Халыққа үш республикалық орталық жоғары манадандырылған медициналық көмек көрсетіп отыр: Ана мен баланы қорғау орталығы, балалардың реабилитациялық орталығы және Нейрохирургия ғылыми орталығы.
Биылғы жылы Холдингтің тағы екі объектісі іске қосылмақшы : ол Республикалық консултативтік – диагностикалық орталық және Шұғыл көмек көрсету ғылыми-зерттеу институты. 2010 жылы Ұлттық кардиохирургия орталығының құрылысын аяқтау жоспарланды. Холдингтің жалпы қуаттылығы 1380 арнаулы емдеу төсектерін құрамақшы, онда жылсайын 20 мың ауруға тұрақты көмек көрсетілетін болады және 500 мың пациент жоғары технологиялық диагностикалық қызмет алатын болады.
Бастапқы звеноны күшейту жалғастырылмақшы,ол «Нұр Отан» партиясының саяси тұғырнамасы негізінде 300 типтік дәрігерлік амбулаторияның құрылысы енгізілмекші, жалпы тәжірибелі дәрігердерді дайындау, 2010 жылға БМСК –ға шығыны үлесін 40 процентке дейін көтеру, бұның барлығы олардың жабдықталуын нормативтік негіздерге дейін жеткізбекші. Жедел медициналық көмекті жаңғырту пациенттердің мекені бойынша қызмет етуге және медиициналық ұйымдардың шұғыл көмекті қажет ететіндерге бағытталуы тиіс. Санитарлық аваиация қайтадан құрылады.
Денсаулық сақтау жүйесінің Бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жүргізілуді. Телемедициналық қызмет түрі бүгінгі күннің өзінде 8 облыстың 69 ауданында жұмыс істейді, 2010 жылға бұл мүмкіндіктер қосымша басқа да облыстардың 59 ауданында енгізу қолға алынбақшы. Сонымен 2010 жылы телемедицинанмен Қазақстанның барлық аймақтары қамтылмақшы.
2009 жылы медициналық ұйымдардың мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері енгізілетін болады, бұл өз кезегінде әрбір медиицналық қызметкердің жұмыс қорытындысын бағалауға мүмкіндік береді.
Санитарлық-эпидемиологиялық жүйенің тікелей жүйесін қайта құрудың құрылымдық өзгерістері ескерілді, ол елімізде эпидемиологиялық тыныштықты тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.
Заңнамалық актілер деңгейінде тәуелсіз сараптама ролін арттыруға, аурухананың ішкі басқару менеджмент жүйесін дамытуға, медициналық ұйымдарды аккредитациялауға, тәуелсіз кәсіби бірлестіктер мен ассоциациялардың тартылуымен сараптамалар жүргізуге медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау моделі бекітлмекші.
Төртінші – халықты дәрі –дәрмекпен қамтамсыз етуге басты назар аударылатын болады.
Біз елімізге алып келінетін медиициналық дәрі дәрмектердің сапасы мен бағасына қатал бақылау орнатамыз. Өзіміздің фармацевтік өндірісімізді құру үшін инвестициялар тартамыз.
Осыған байланысты Денсаулық министрлігі мемлекеттік медициналық ұйымдарды дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа моделі жасалды және Үкіметтен қолдау тапты.
Жаңа моделдің негізгі жолы адам өміріне маңызды дәрі-дәрмектерді тұрақты емдеумен шұғылданатын мемлекеттік денсаулық ұйымдарына ұзақ мерзімді мемлекеттік сатып алуды жоспралау болып отыр.
Бесінші – кадрлық ресурстар жүйесін дамыту
Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, олардың кәсіби дайындық деңгейі мен үздіксіз білімін кәсіби жетілдіру жүйесінің жоқтығы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасына едуір әсерін тигізіп отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2006 жылы медициналық және фармацевтикалық білімді реформалау Тұжырымдамасын бекітті және біз бекітілген іс қимылдар жоспарын жүзеге асырудамыз.
Медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің клиникалық дайындығын көтеру үшін 2009 жылдан бастап еліміздің медициналық ЖОО университеттік клиникалар ыныңі құрылысы басталады, қазіргі кезеңде оқу –лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз ету жалғасуда.
Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс нәтижесі бойынша жалақы төлеу жүйесін жасау үстінде. 2010 жылдан бастап емдеу төсегінің жұмысы, оны ұстауға жұмсалған қаражатпен емес, оның емдеу нәтижесі, нақты сырқаттың емделуімен, оған жасалған операциялар және т.б өлшенетін болады.
Біз бәрімізде әлеуметтік саланың тиімді қызметі, әсіресе халықтың денсаулығын сақтауды ұйымдастыру заңнамалық базаларын жетілдірусіз мүмкін еместігін жақсы білеміз. Барлық денсаулық сақтау туралы заңдарды бірыңғай құжатқа бірктіріп кодификациялау қажет, денсаулық сақтаудағы халықаралық тәжірибе осыны дәлелдейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » Кодекс жобасын жасады.
Кодекс міндеті -денсаулық сақтау саласында азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру бағытында болып жатқан реформаларды құқылық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде Кодекс жобасы Ел Парламентінің қарауында.

Жедел жәрдемінң ақылы болғаны жөн бе?

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінде жаңа, тың жоба талқылануда. Жоба медициналық қызметтерге қосымша ақы төлеу тетігін енгізу туралы болып отыр. Демек, бұрын тегін болып келген медициналық қызметтердің 2013 жылдан бастап ақылы негізге көшірілуі әбден мүмкін. Министрлік әзірге қосымша ақы төлеу тетігі қалай жүзеге асатыны жөнінде ашып, анық, нақты мәлімет бермегенімен, халық арасында «жедел жәрдем ақылы болады» деп қауіптенушілер көп.

Әзірге осылайша мәселе жұмбақ күйде қалып отыр. Белгілісі — жобада талқыланған 5 бап. Біріншіден, салауатты өмір салтын кешпей, алдын алу шараларын жасамаған, айталық, темекі шегу мен арақ ішуден тапқан ауруларын емдегісі келгендер қосымша ақы төлеу қажет. Екіншіден, мемлекеттік емханада науқасқа дәрілер ұсынылып, ал ол өзге дәрілерді тұтынғысы келсе, тағы да қосымша төлем жасауға тиіс. Үшінші — науқас жедел жәрдем қызметін шақырып, өзін ауруханаға жатқызуын талап етсе, ал дәрігер оған ешқандай қажеттілік жоқ деп тапса, сырқат ауруханаға жатуы үшін қосымша төлем жасайды. Төртіншіден, жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері әрі жұмыс сағатында науқасқа барып, оның өз аяғымен ауруханаға жетуіне мүмкіндігі бар деп тапса, қосымша ақыдан тағы да құтыла алмайды. Бесінші бап ауруханада медициналық қызметке жатпайтын қызмет түрлерін қалаған науқастарға жағдай жасауда қосымша төлем төлеуді міндеттейді.
Министрлік бұл жаңа жүйені екі мақсатта енгізбек. Біріншіден, ел азаматтарының өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына жол ашу болса, екінші жағынан бұл медициналық қызметтер үшін кетіп жатқан заңсыз төлемдермен күрестің құралы болмақ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовтің мәлімдеуінше, бұл жоба алдымен министрліктің сайтында талқыға түсіп, тек қолдау тапқан жағдайда ғана жүзеге асады. Вице-министр жобаны «министрлік сайтынан көре аласыздар» деп уәде бергенімен, әлі күнге дейін сайттан жобаның үлгісін көре алмай келеміз. Даудың да, даурықпаның да туындап отырған себебі — осы. Министрлік жобаны халық талқысына салмай отыр. Сайттан тапқанымыз — тек «Медициналық қызметтерге қосымша ақы төлеу тетігін енгізуге көзқарасыңыз қалай?» деген тұрғыдағы сауалнама ғана. Оның өзіне жауап бергендердің 97,3 пайызы (296 адам) қолдау білдірмейтіндерін танытып жауап берген. Ал қолдаушылардың үлесі — 1,6 пайыз ғана (5 адам).
Ерік Байжүнісовтің түсіндіруінше, қосымша ақы төлеу жүйесі емнен бөлек өзіне қосымша жағдай жасағысы келгендерге қатысты қарастырылады. Айталық, жеке палатада жатып, теледидар көргісі келсе дегендей. Дегенмен мұндай «вип-науқас» тәжірибесі бұрыннан бары белгілі. Ал біз сөз еткен өзге баптардың халықтың көңілінен шықпасы анық. Бұл нарықтық тәсілге наразылардың бірі — Ұлттық медицина қауымдастығының президенті, емделуші құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Айжан Садықова. Оның айтуынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте қосымша ақы төлеу мәселесі қарастырылмаған. Ал Конституция бойынша, халықтың бәрінің тегін кепілдендірілген медициналық қызметті тұтынуға құқығы бар.
— Бұл жоба жүзеге аса қалса, емделушілердің наразылығына тап болатыны сөзсіз. Министрлік бұл арқылы халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, заңсыз ақша айналымын тыямын деп отыр, бірақ оның министрлік ойлағандай, жүзеге асу ықтималдығы өте төмен. Мәселен, науқас ішімдікке не нашаға, болмаса шылымға салынған адам болса, оған қатал шара көрген дәрігер — емдеушіге емес, жазалаушыға айналады ғой. Сонда оның Гиппократқа берген анты қайда қалмақ? Болмаса, азамат ішімдік ішкен күйде жол апатына түсті делік, сонда ол қашан қосымша ақы төлегенше, дәрігер ем жасамауы қажет пе? Бұлай болуы мүмкін емес қой, — дейді Айжан Садықова.

Елорданың барлық емханаларында партиялық бақылау бекеттері ашылды

 

Қаңтардың 1-інен бастап Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу басталған болатын.
Осыған орай бүгін «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев  елордадағы Медициналық ақпараттық талдау орталығының Сауықтыру бюросында болып, оның жұмысымен танысты. Сауықтыру бюросы қолданысқа еніп отырған жаңа жүйенің негізгі буыны болып табылады. Онда стационарлардағы бос орындар туралы ақпараттар түсіп, емделушілер үшін күту парақтары жасалады.
Н.Нығматулиннің айтуынша, енді ғана қолданысқа енген  жүйеде стационарлардағы бос орындар туралы ақпаратты жинау, емханаларды осындай ақпараттармен қамтамасыз ету және емделушілерге ақпаратты уақытылы жеткізу сияқты бірқатар проблемалар бар. «Бірақ мұның барлығы жүре келе түзелетін техникалық қиындықтар. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен осы проблемаларды тек қана талқыламай, оларды шешу жолдары туралы да уағдаластық», деді ол.
Сонымен қатар бүгіннен бастап елорданың барлық емханаларында партиялық бақылау бекеттері ашылғандығын тілге тиек еткен ол  «әрбір емделуші сапалы медициналық қызмет алу барысында туындаған мәселелер бойынша партиялық бақылау бекеттерінің мүшелеріне шағымдануына және медициналық қызмет көрсетудің жаңа жүйесін енгізу мәселелері бойынша түсініктеме алуға құқылы», деп атап өтті.
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі емделушіге дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға, медициналық қызметтерді көрсету үрдісінің ашықтығына және бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруды көздейді.

Үкіметтік сағат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *