Клиникалық кеңес (ары қарай — Кеңес) – Университеттің құрылымдық бөлімдерінде және кафедраларында клиникалық жұмыс формасы және мазмұны, негізгі бағыттарын үйлестіретін, Университет қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелері емдеу қызметімен байланысты, сұрақтарын қарастыруды жүзеге асыратын кеңесші орган.

Кеңес құрамы клиникалық жұмыс бойынша департамент директоры жазбаша ұсынысы негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Кеңесуниверситеттің білікті мамандарынан құрылады.Кеңес жұмысындаУниверситет қызметкерлері құрамына кірмейтін, денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-профилактикалық, білім беру және ғылыми-зерттеу институты өкілдері шақыру бойынша қатыса алады.

Кеңесуниверситеттің клиникалық жұмысын ұжымдық басқару формасы болып табылады.

Кеңес отырысы тоқсан сайын 1 реттен кем болмайды. КлиникалықКеңес төрағасы және хатшысымен қол қойылатын хаттамада талқылау барысы және қабылданған шешімдер тіркеледі.Кеңес шешімі кафедра/модулдер, бөлімдерқызметкерлерінің орындауы үшін міндетті болып табылады. Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау клиникалық жұмыс бойынша департамент директоры жүзеге асырады.

Университеттің Кеңес жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары келесі нормативтік құжатқа негізделген:

  • №628 2012 жылдың қыркүйек айының 11-нен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а. бұйрығы «Медициналық білім беру ұйымдарында клиникалық база туралы ережені бекіту туралы».

Қызмет мақсаты

 

  • Клиникалық кафедра қызметі тәжірибелік денсаулық сақтау органдарымен, базалық емдеу орындарымен (соның ішінде аймақтық) координациялау.
  • Университеттің кафедралары/модулдерінің клиникалық қызметін ұйымдастырумен байланысты сұрақтарды жедел шешу.
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде және кафедра/модулдерінде емдеу-диагностикалық қызметі сапасын бағалау.
  • Оқу/емдеу үрдістерінде медициналық ғылым жетістіктеріне сәйкесінше, дәлелді медицинаға негізделген жаңа хаттамаларды және емдеу және диагностикалаудың стандарттарын енгізуді талдау.
  • Университет қызметкерлерімен тәжірибелік денсаулық сақтауда енгізілгген жаңа емдеу-диагностикалық технологиялардың тиімділігі сұрақтары бойынша талдау және бақылау.
  • Клиникалық дисциплина маңызды сұрақтары бойынша университетте ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру.
  • Жоғарыбілікті мамандарды клиникалық дайындауды ұйымдастыру сұрақтарын талқылау.
  • ҚазҰМУ клиникалық базалары құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау.
  • Дипломнан кейінгі дәрігерлер дайындау әдістерін кемелдендіру бойынша ұсыныстарды талқылау.
  • Университеттің клиникалық бөлімшелері қызметкерлерінің емдеу-диагностикалық жұмыстарына тәжірибелік денсаулық сақтау органдарынан түскен арыз шағымдарды қарастыру.