АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар.

Құрметті әріптестер!

2014 жылдың 26-28 тамыз аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да дәстүрлі «2013-2014 оқу жылының қорытындысы. Дамудың басым бағыттары және міндеттері» атты тамыз конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына университеттің барлық оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Конференцияның мақсаты және міндеті. Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Халыққа жолдауына, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2015-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын және 2014-2015 оқу жылындағы міндеттерін өткен оқу жылындағы Университет дамуының көрсеткіштерін ескере отырып айқындау болып табылады.    

Конференцияның бірінші күні «Университет дамуының жаңа стратегиясы» панелдік сессиясында ректор А.Ақанов баяндама жасады. Баяндамада қызметтің барлық бағыттары және білім беру деңгейлері  бойынша көшбасшылық тұғырға көтерілуге, сондай-ақ халықаралық танылуға мүмкіндік беретін барлық бастамаларды біріктіретін университет дамуының жаңа Стратегиясы ұсынылды.

Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қ.А.Төлебаевтың, Б.Атчабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ директоры Л.Т.Ералиеваның және Х.С.Насыбулина атындағы Педагогикалық шеберлік мектебінің директоры Р.Р.Юсуповтың баяндамаларында алдағы оқу жылында оқытушы-профессорлардың білім беру, ғылыми-зерттеу саласындағы қызметтеріне жаңа міндеттер қояды және Университет оқытушыларының құзіреттіліктерін дамыту бағдарламасы зерделенді.

«Маман даярлаудың заманауи тәсілдері» семинарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры С.М.Өмірбаев модулдік білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және оларды жүзеге асыру барысында дублиндік дискрипторларды жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін баяндады.

Конференцияның екінші күнінде өткізілген семинар-тренингтер:

  • Оқу үдерісі менеджментін жетілдіру университет стратегиясын жүзеге асырудың басты шарты ретінде
  • Оқыту сапасын дамыту
  • Студенттің әлеуметтік белсенділігін арттыру
  • ҚазҰМУ-дың ғылыми-зерттеу қызметі дамуының жаңа бағыттары.

Қорытынды сессияда (конференцияның үшінші күні) ректор А.Ақановтың «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті: ұлттықтан халықаралық танылуға қадам» баяндамасында университеттің негізгі жетістіктері зерделенді, Университет дамуының жаңа стратегиясы ұсынылды және оны жүзеге асырудың индикаторлары анықталды.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Конференция  материалдарын ҚазҰМУ сайтының АЖД бөлімі                         Конференция

және семинар материалдары тарауынан таба аласыздар.

 

АЖД

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *