Жаңалықтар.

Сіздерді көгілдір көктемнің мерейлі мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Бұл көктемнің ең алғашқы айтулы күні – адамзатқа махаббат, сұлулық, жылулық, мейірім, бақ-береке сыйлайтын нәзік жанды аруларымызбен байланысты біздің күнтізбеміздегі ең көркем, ең әдемі мерекенің бірі.

ҚазҰМУ-дың ер-азаматтары атынан Сіздердің қажыр-қайраттарыңыз, ерлік-жігерлеріңіз, жылулықтарыңыз бен мейірімдеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Біздің әрқайсымыз үшін, әйел адам – нәзіктіктің, өнегелілік пен мейірімнің символы. Сіздердің ақ адал жүректеріңіздің жылуынан, аналық махаббаттарыңыздың мейірімінен, жақын адамдарға деген жанашырлықтарыңыздан қоғамдағы береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бастау алады. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», деген сөз тегін айтылмаса керек.

Отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Жақындарыңыздың жанашырлығы мен ынта-көңілі сіздің өміріңіздің тұрақты серігі бола берсін.

Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге көктемдей көркемдік, жандарыңызға жазғы жайсаңдық тілеймін. Жанұяларыңыздан жылулық кетпесін, бақ, береке, бақыт үйлеріңізден төрінен орын алсын!

Ізгі ниетпен:

ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *