Ішкі аудит қызметі.

 

Ішкі аудит қызметі – ұйым қызметін жетілдіруге бағытталған, тәуелсіз, объективті кепілдік және консультация ұсынатын, ішкі аудитті жүзеге асыратын Университет органы. Ішкі аудит ұйымға тәуекелдерді басқару процестерінің тиімділігін арттыруға және бағалауға, корпоративті басқаруға жүйелі тәсілдемені қолдана отырып алға қойған мақсаттарға жетуге көмектеседі.

ІАҚ университетте ішкі аудитті ұйымдастыру және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және университеттің Бақылау кеңесіне бағынышты және есепті.

ІАҚ негізгі міндеті болып аудиторлық тексерістер, талдау және бағалау болып табылады:

  • Университет қызметінің қаржы-шаруашылық көрсеткіштерін тексері және бағалау;
  • қорытындыға бағытталған бюджетті қолдану тиімділігін бағалау;
  • Университетте ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерді басқару аудиті;
  • Университет ақпаратының (жоспар және есеп беру), бухгалтерлік есептің нақтылығын, толықтығын, дұрыстығын және дәйектілігін бағалау; сонымен қатар, ішкі және сыртқы қолданушыларға ақпараттарды (жоспар және есеп беру) сәйкестендіру, өлшеу, классификациялау және ұсыну үшін қолданатын ережелерді бағалау;
  • ресурстарды, активтерді және олардың есебін, сақталуын (қайта қалпына келтіру) және/немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолданылатын әдістердің,  рационалды және тиімді қолданылуын бағалау;
  • Университеттің Қазақстан Республикасының заңнама, ішкі саясат және басқа құжаттардың талаптарын, осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер және процедуралардың тиімділігін бағалау;
  • Университет органдарының шешімдерін және мемлекеттік өкілетті (бақылаушы) органдар тапсырмаларын (ұсыныстарын) орындау;
  • этикалық стандарттарды және құндылықтарды сақтау, корпоративті басқару жүйесі тиімділігін және оларды жетілдіру процесстерін бағалау.

ІАҚ келесі міндеттерін орындайды:

  • Жыл сайын Университеттің тәуекелдерді басқару жүйесінің және/немесе тәуекелдерді жеке бағалау негізінде тәуекелдерді есепке алумен университет қызметінің ішкі аудит басымдылығын анықтайтын келесі күнтүзбелік жылға жылдық аудиторлық жоспар дайындайды және оны университеттің Бақылау кеңесіне қарастыруға және бекітуге ұсынады;
  • Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттеріне сәйкес аудиторлық тапсырмаларды орындайды;
  • Үнемі есепті период қорытындысы бойынша (жылдық, жарты жылдық немесе квартал) Бақылау кеңесіне орындалған аудиторлық жұмыстар бойынша есеп ұсынады;
  • Сыртқы аудит және басқа тексеретін мемлекеттік органдардың ұсынысын университеттің орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • ІАҚ ұсыныстарын университеттің орындауын бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, өткізілген аудит қорытындысы және/немесе ІАҚ ұсыныстары бойынша университет басшысы бекіткен түзету шаралары және олардың сапасы туралы ақпаратты Бақылау кеңесіне жеткізеді;
  • Қажет жағдайда сыртқы аудит, тәуелсіз бағалаушылар және/немесе кеңесшілер өткізетін аудит, бағалау, талдау процесстеріне қатысады.
  • Ерекше жағдайларда Бақылау кеңесінің тапсырмасымен Университет қызметінің бөлек аспектілерін тематикалық ішкі аудитті жүзеге асырады, сонымен қатар қызметтік және арнайы тексерістерге қатысады;
  • Әрдайым ІАҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби оқыту бойынша шара қолданады;
  • ІАҚ құзыреті шегінде басқа міндеттерді орындайды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *