— мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

-мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылық фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарын қарайды;

-ұжымда жалпыға бірдей моралдық-әдептік нормаларға сәйкес қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

-мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды;

— мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтаулары бойынша мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;

— мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзған жағдайда құқықбұзушылықты жасауға итермелеген себептер мен жағдайларға талдау жасап, мемлекеттік орган басшылығына оларды жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;

— мемлекеттік қызмет, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында  азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі:

Бисмильдин Файзула Букеевич,

Телефондары: қызмет.: (+7 7172) 74-28-02, ұялы: 8 771 103 0118