Жаңалықтар.

«Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері: дәлелдемеге негізделген қоғамдық денсаулық сақтау» VII Жыл сайынғы Халықаралық қысқы мектебін өткізу бойынша ЕСЕБІ

 

«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 2015-2016 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар кешенді жоспарын іске асыру» бойынша 2016 жылдың 25-29 қаңтар аралығында ҚазҰМУ Қоғамдық денсаулық сақтау институты мен Дәлелді медицина орталығы «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері: дәлелдемеге негізделген қоғамдық денсаулық сақтау» тақырыбында Қысқы Мектебін өткізді.

Қысқы Мектеп жұмысына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының 6 жоғарғы оқу орнынан 29 студент қатысты. Ол ЖОО-лар: Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және И.К Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы.

Қысқы Мектепті ұйымдастыруда және өткізуде ҚазҰМУ-дың Жастар денсаулық орталығы қолдау көрсетті және оның өкілдері Қысқы Мектеп семинарларына белсенді қатысты.

Қысқы Мектеп қатысушыларына құттықтау сөзімен академик Шарманов Т.Ш., ҚазҰМУ ректоры қызметін атқарушы Төлебаев Қ.А. және Қоғамдық денсаулық сақтау институтының директоры Турдалиева Б.С. сөз сөйледі.

Қысқы Мектеп кезінде келесідей баяндамалар жасалды: м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰМУ Байқаушы кеңес төрағасы Т.Ш. Шарманов; м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.А. Ақанов; м.ғ.д., профессор, ДДҰ-ның кеңесшісі Мейманалиев Т.С.; Дәлелді медицина орталығының жетекшісі, PhD В.Ю. Байсугурова; «Халықаралық денсаулық сақтау» кафедрасының меңгерушісі  PhD Л.К. Көшербаева; «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор М.А. Асимов және «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының доценті Ф.А. Багиярова; Konrad T.Juszkiewicz Research and Development, MD, MPH, профессор, Biomedical DRK LLC. (АҚШ) ҚазҰМУ визитинг-профессоры; «Биостатистика» кафедрасының меңгерушісі, MSc Жүсіпов Б.С.; Yekaterina Bumburidi, MD, Medical Epidemiologist CDC / Central Asia Regional Office Centers for Disease Control and Prevention және Габитова Гузяль, Centers for Disease Control and Prevention Central Asia Region.

Оқу соңында қатысушылар үшін  «Дәлелдемеге негізделген қоғамдық денсаулық сақтау: «қолдағандар» және «қарсы» атты дебаттық турнир өткізілді. Дебаттық турнирінің жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Дебаттық турнирдің ең үздік спикері деп  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 4 курс студенті  Абиева Ақбота атанды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *