Жаңалықтар, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі.

2011 жылдың 6-11 маусым аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қоғамдық денсаулық сақтаудың таңдаулы сұрақтары. Сапалы медициналық көмек — денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында Екінші Халықаралық Жазғы Мектеп оқулары болып өтті.

Оған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық Академиясының, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінің, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің магистранттары, докторанттары, жас оқытушылары мен ғалымдары қатысты.

Жазғы Мектептің ашылу салтанатына С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, профессор А. А. Ақанов, академик Т. Ш. Шарманов, Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры Қ. А. Төлебаев қатысып сөз сойледі.

Екінші Халықаралық Жазғы Мектепті өткізудегі негізгі мақсат- қоғамдық денсаулық сақтаудағы проблемалық сұрақтарды терең зерделеу, ҚР медициналық қызмет сапасын жақсарту бойынша тиімді жолдарды қарастыру, кемшіліктер мен артықшылықтарды анықтау үшін ҚР және шет мемлекеттердегі көрсетілетін  медициналық көмек салыстырмалы талдау болып табылады.

Жазғы мектеп кезінде шет елдік және отандық мамандардың қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мәселелер, медициналық қызмет сапасы туралы дәрістері тыңдалып, талқыланды.

Іс-шара қорытындысында барлық қатысушыларға алғыс айтылып, сертификаттар табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *