Жаңалықтар.

DSC_7522 С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының №667 «Қысқы мектепті ұйымдастыру туралы» Бұйрығын орындау мақсатында 2011 жылдың 24-28 қаңтар аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында, Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Дәлелді Медицина Орталығы, және «Денсаулықсақтау саясаты және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен Жастар Денсаулық Орталығының аясында Қазақстандағы медициналық жоғарғы оқу орындарының және «Тұран» университетінің студенттерінің қатысуымен «Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері» тақырыбында Екінші Жылсайынғы Қысқы Мектеп оқуларын өткізді.

«Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері» тақырыбында Екінші Жылсайынғы Қысқы Мектептің ашылу салтанатына «Тағамтану Академиясы» ЖАҚ Президенті академик Шарманов Т.Ш; С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры профессор Аканов А.А; ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ханаа Сингер; USAID-тың «Сапалы денсаулықсақтау» жобасының аймақтық директоры Barton Smith; салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығының директорының орынбасары Ш.Е. Қаржаубаева; Гедеон Рихтер ААҚ менеджері Аспетова А.Б; қалалық «Адам ұрпағын өрбіту орталығының» бас дәрігері Мырзабекова Г.Т; қалалық студенттік емхананың бас дәрігері Куанышева С.Х; қалалық №10 емхананың бас дәрігері Мусабаева А.А. қатысты.

DSC_7564 «Денсаулықсақтау саясаты және басқару» кафедрасының оқытушысы Б. А.Мусаева бірінші Жылсайынғы Қысқы Мектептің лекторлары және қатысушыларымен бекітілген Қысқы Мектептің мақсаттары мен міндеттерімен, іске асыру механизмдерімен таныстырды.

«Астана-медициналық университеті» АҚ, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің, Семей мемлекеттік медициналық университетінің студенттері өз оқу орындарының жеткен жетістіктері мен студенттік өмірлерінен сыр шертетін баяндамалар оқып, бейнефильмдер көрсетілді.

Екінші Жылсайынғы Қысқы Мектеп бағдарламасында семинар-тренинг жастар денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған семинар-тренинг өтті. Бұл шараға қатысу үшін «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина», «Медико-профилактикалық іс», фармацевтикалық факультеттерінің 4-5 курс студенттері, «Тұран» университетінің журналистика факультетінің студенттерінің тартылды.

Семинар-тренинг-жастар денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған және «Теңбе-Тең» принцпі бойынша «Коммуникативті дағдылар және тұлғааралық қарым-қатынас», «Репродуктивті денсаулық. Жүріс-тұрыс тәуелділік факторларының алдын алу»; «Дұрыс тамақтану және семірудің алдын алу» тақырыбында өтті. Семинар мақсаты:

жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, білімін жетілдіру, Қазақстандағы еріктілер қозғалысын дамытуға ықпал ету.

Бағдарламаны іске асыру, сонымен қатар Қазақстандағы жастар денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы ынтымақтастықты нығайту мен дамыту мақсатында қалалық адам ұрпағын өрбіту Орталығы, Студенттік емхана, қалалық №10 емхананың базасында орналасқан Жастар Денсаулық Орталықтарында мастер-класстар жургізілді.

Қысқы Мектеп жұмысына С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина», «Медико-профилактикалық іс», фармацевтикалық факультеттерінің 4-5 курс студенттері, «Тұран» университетінің журналистика факультетінің студенттері, Астана-медициналық университеті» АҚ, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің, Семей мемлекеттік медициналық университетінің студенттері қатысты.

Сабақтарды (лекциялар, семинарлар, тренингтер, пікірталастар) төмендегі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы белгілі ғалымдар мен мамандар: USAID-тың «Сапалы денсаулық сақтау» жобасының аймақтық директоры Barton Smith; USAID-тың «Сапалы денсаулық сақтау» жобасының Қазақстандағы ВИЧ\СПИД бойынша директоры Е. Кудусова; ВИЧ-инфекция кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. Ж.С. Нұғманова, USAID-тың «Сапалы денсаулық сақтау» жобасының Қазақстандағы ТБ бойынша директоры Б. Бабамурадов; USAID-тың «Сапалы денсаулық сақтау» жобасының Қазақстандағы ана мен бала бағдарламасының директоры Г. Гребникова; Гедеон Рихтер ААҚ менеджері Аспетова А.Б; және «Денсаулықсақтау саясаты және басқару» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізді.

Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығына-жүргізіліп жатырған профилактикалық шараларға қарамастан жастар арасында алькогольді ішімдіктерге, наркотикалық, уытты заттарды қолдану, әлеуметтік-маңызы бар аурулар: ЖИТС, туберкулез т.б. аурулардың өсуі және осылардың әсерінен еліміздің демографиялық жағдайына кері әсер ететін жастардың соматикалық және репродуктивті денсаулығының төмендеуі себеп болды.

Семинар қатысушыларына арнайы мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда қатысушылар М. Ауезов атындағы драма театрда, ҚР мемлекеттік Орталық мұражайында, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Х. Досмұхамедов атындағы мұражайды аралап танысты.

Қысқы Мектептің соңғы-қорытынды күні барлық университеттің студенттері Екінші Жылсайынғы Қысқы Мектеп кезінде алған білімдерімен, әсерлерімен бөлісті.

Ынтымақтастықты одан ары қарай дамыту, мәдениеттілікке баулу, еліміздегі студенттерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, және «Денсаулықсақтау саясаты және басқару» кафедрасының қызметкерлері «Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері» тақырыбында өткен Екінші Жылсайынғы Қысқы Мектеп қатысушыларына арнап үндеу жолдады. Онда: ЖОО-да жастар денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған еріктілер қозғалысын құру, олардың өкілдері тұрақты түрде семинарларға қатысып, оқу-тренингтерін өткізу, сұхбаттар, оқу-ақпараттық акциялар жүргізу; Қазақстандағы ЖОО-да Жастар Денсаулық Орталығын құру, Жастар Денсаулық Орталығының жанынан ерікті-студенттер тобын ұйымдастырып, дайындау; жастар денсаулығын сақтау және нығайтуға арналған шаралар мен акциялар жүргізу, салауатты өмір салты принцпіне оң көзқарас қалыптастыру; бәсекеге қабілетті Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау саласын алға жылжытуға үлес қосу мәселелері көрсетілді.

«Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері» тақырыбында өткен Екінші Жылсайынғы Қысқы Мектеп қорытындысында барлық қатысушылар ҚР студент жастардың денсаулығын нығайту бағытындағы еріктілер қозғалысын дамыту туралы бірлескен Мемарандумға қол қойды.

Қысқы Мектептің жұмысының соңындағы салтанатты шарада қатысушылар мен лекторларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. Шараға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры профессор А.А. Аканов қатысты.

Семинар-тренинг Қазақстандағы еріктілер қозғалысын дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлықтың жақсартуға, болашақ дәрігерлердің білімін жетілдіруге ықпал етері сөзсіз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *