Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу департаменті Университетің қашықтықтан оқыту технологиясын қолданумен оқу үрдісі және әдістемелік жұмысты үйлестіруші жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

 0  

 

Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу департаментінің директоры Хаджиева Айман Берікқалиқызы, экономика ғылымының кандидаты, доцент.

 

Департамент жұмысының негізгі мақсаты – оқу үдерісін әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру және ұйымдастыруды үйлестіру және мамандарды дайындаудың барлық деңгейлерінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқыту қызметінің сапасын арттыру.

 

Департаменттің негізгі міндеттері: мамандарды дайындаудың барлық деңгейлерінде  қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және үйлестіру; оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар мен  мамандықтардың  МжМББС талаптарына сәйкес қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету; қашықтықтан оқыту технологиялары бөлімі  сұрақтарының модульдері мен курстарының, кафедралардың оқу-әдістемелік қызметтерін үйлестіру; білім беру сапасын бақылауды үйлестіру; оқу үрдісінде ғылыми зерттеу нәтижелерін білім, ғылым, және тәжірибені пайдалану жолымен интерграциялау және білім беру, ғылыми, инновациялық ұйымдар арасындағы өзара тиімді келісім орнату және  қашықтықтан оқыту, білім беру технологиясы және тәжірибесін пайдалану.