Қасен Қожақанов атындағы Тәжірбиелік дағдылар орталығы

2007 ж. ҚР ДМ  003/109 «Мемлекеттік медициналық жоғарғы оқу орындары шеңберінде оқу – клиникалық орталығын құру» бағдарламасы бойынша С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетiнің білімдегі инновациялық технологиялар орталығының (БИТО)  базасында Симуляция орталығы  құрылды, білім базасында жалпы аумағы 723 шаршы метрді құрайтын  интерндерге, студенттерге  жаттығу манекендерiнде және виртуалды тренажерлерге тәжірибелік дағдыларын жан-жақты дайындалуға және біліп-үйрену бойынша iске асырылады.

ҚазҰМУ жаңа үлгідегі білім беруге өтуіне байланысты және  компетентті көзқараспен  бiтiрушiнiң барлық бағыттар мен пәндерге арналған бақылау және жаттығу құзырының дамуы болып табылады. 2011 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының 10.05.11 ж. №291 бұйрығына сәйкес Симуляция орталығы Тәжірибелік дағдылар орталығы (ТДО) болып қайта құрылды. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылуы өтті. Орталыққа атақты бала хирургі, профессор, ПМА академигі, ҚР Мемелекеттік сыйлықтарының лауреаты Қасен Қожақанов есімі берілді.

ТДО қызметінің түпкi мақсаты С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  бiлiм беретiн үлгiсiндегi операциональды және коммуникативті компетенциясын iске асыру болып табылады.

Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды:

  • Медициналық симуляция
  • Коммуникативтідағдыларорталығы
  • Фармацевтикалықдағдыларорталығы
  • Тіс емдеу дағдылар орталығы
  • Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы
  • Апат медицинасы орталығы
  • Аспапты-функционалдық диагностика бөлімшесі

Тәжірибелік дағдылар орталығының міндеті – жаңа үлгідегі муляждар мен жаттығу залдарында тәжірибелік дағдылар трансляциясы, біркелкі интерактивті манекендердің көмегімен клиникалық жағдайда қарау, стандартталған емделушіде коммуникативті дағдыларды өтеу, жаңа үлгідегі диагностикалық, емдік және өндірістік жабдықтарды, сонымен қатар   виртуалды компьютерлік ойындарды пайдалана отырып жұмыс жасайды.