ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫНДЫҒЫҢЫЗ ҚАЛАЙ?

Сізді сұхбаттасуға шақырса, не істеу керексіз?

Жұмыс берушімен сұхбаттасуға бармас бұрын, дайындық жасаңыз.

 

  1. Компания туралы, оның ұжымдық саясаты туралы, оның принциптерімен, үміткерлерге қоятын талаптары туралы қолжетімді ақпараттарымен алды ала таныссаңыз, сұхбат кезінде өзіңізді салмақты әрі сенімді ұстауға көмектеседі. Компанияның (егер компания шағын болса, ол туралы ақпарат болмаған жағдайда, тек компания туралы ғана) қызмет саласына байланысты, оның ұйымдастыру жұмыстарына, негізгі мақсаттары мен жетістіктеріне қатысты сұрақ, ұсыныстарыңызды алдын-ала дайындап алыңыз. Компанияда бос орын штат аясы кеңейгендіктен бе, әлде жұмыстан кеткен қызметкердің орны ма, негізгі қызметтік міндетіңіз не болып табылатынын анықтап алыңыз.
  2. Өзіңіз туралы шағын әңгіме дайындап алыңыз (көбіне жұмыс берушілер «алдымен сізді тыңдағым келіп тұр, өзіңіз туралы не айтасыз…» десе, өзіңіз тығырыққа тірелмес үшін алдын-ала мәтін дайындап алыңыз). Сұрақ сізді тығырыққа тіремеуі керек, керісінше нақты әрі қысқаша жауап беріңіз. «Сіздің рұқсатыңызбен мен өзім туралы…» деп бастап анық әрі нақты, мамандығыңыз бен қызметіңізге байланысты жүйелі түрде қысқаша айтып беріңіз. Сұхбат алып отырған адам сұрақ қою арқылы, сізді маман ретінде тыңдағысы келеді. Егер еңбек өтіліңіз жоқ болса, бұл сала неліктен қызықтыратынын айтуыңызға болады. Сіздің әңгіменізден осы сала бойынша жұмысқа деген құлшыныс, ынта, қызығушылығыңыз көрініп тұру керек екенін ескеріңіз.
  3. Сұхбат алушының сізге қоятын сұрағы туралы, ол сұрақтарға жауап беру туралы ойланыңыз. Сұрақтар өзіңіз туралы айтқан және түйіндемеге жазған мәліметке сүйеніп қойылатынын ескеріңіз. Өзіңіз алдын-ала болжаған айлық жалақыға байланысты сұрақ қойылу мүмкін, сондықтан жауап беруге дайын болыңыз. Жұмыс берушінің алдында сенімсіздік танытыңыз, өзіңізді түсіріп көрсетпеңіз. Тіпті сіз айтқан жалақыны төлей алмайтын болса да, жұмыстан бас тартудың қажеті жоқ, өйткені ол мекеме немесе компанияда белгіленген айлық жалақы аз мөлшерде ғана болса, сіз бас тартқандықтан жалақы мөлшерін (стандартты төлем мөлшері жоғары ірі компаниялар болмаса) өсірмейді.
  4. Компанияның ұжымдық саясаты еркін стильде киінуге мүмкіндік беретін болса да, жұмыс берушімен кездесуге барғанда классикалық үлгіде киінген тиімді. Іскерлік үлгідегі костюм – сіздің стиль болмаса да, өзіңізді ыңғайлы сезінетін, өзіңізге жарасымды киім таңдағаныңыз дұрыс. Өзіңізді іскер әрі жауапты тұлға ретінде таныта біліңіз, қатал болып көріну міндетті емес.

 

Кездесуде өзіңізді қалай ұстау керек екенін білуге дайынсыз ба?

  1. Жұмыс берушімен сұхбаттасуға кешікпеу керек екенін айтудың өзі де артық болар. Дегенмен де, 10 минутқа ерте келіп, «өз-өзіңізге келіп», сабыр сақтап, офиспен танысып, содан кейін ғана сұхбаттасуға барғаныңыз дұрыс. Егер сіз кешіксеңіз, аптықпаңыз: Сұхбат алатын кісіден жай ғана кешірім өтініңіз, неге кешікеніңізді түсіндірудің керегі жоқ. Кабинетке кірерде есік қақпаңыз. Бірінщіден – ол іскерлік әдеп тәртібіне жатпайды, екіншіден – бұл сіздің өзіңізге деген сенімсіздігіңізді көрсетеді.
  2. Сізге отыруға ұсыныс жасағанда, өзіңізге ұнаған әрі ыңғайлы орынға отырыңыз. Сұхбаттасушы мен араңызда кедегі болмайтындай орын таңдаңыз. Егер орындық ыңғайсыз жерде орналасқан болса, өзіңізге ыңғайлы орынға орындықты ауыстырыңыз, яғни, сұхбаттасушы мен араңыз еш кедергісіз орынға (сұхбаттасушының жанына) отырғаныңыз абзал.
  3. Орындықтың шетіне отырмаңыз. Өзіңізді еркін ұстаңыз, қысылып-қымтырылмаңыз. Ашық-жарқын сұхбаттасыңыз. Қолыңызды кеуде тұсыңызға айқастырып ұстамаңыз, ол адамның тұйықталып, ашылып сөйлегісі келмей тұрғанын білдіреді. Есіңізде болсын, аяғыңызды аяғыңыздың үстіне қойып отыру – сұхбаттасушыға жағымыз әсер тудырады. Сондай-ақ, аяғыңызды орындықтың астында да айқастырмаңыз, аяғыңызды түзу қойып, сенімді отырыңыз.
  4. Емтиханда отырған жоқсыз, қобалжып, абыржымаңыз, өзіңізді еркін әрі салмақты ұстаңыз. Сізге жұмыс қажет болған сияқты, сізде жұмыс берушіні қызықтырасыз. Яғни, сізді маман ретінде бағаламаса, сізді кездесуге шақырмаған болар еді. Сіз, қобалжығаныңызды толықтай баса алмасаңыз да, білдірмеңіз. Қобалжығаннан маңдайыңызды сипап, құлағыңызды ұстап, мұрныңызды қысып, түйменізді айналдыратын әдетіңіз болса, қолыңызды үселдің астына ұстаңыз.
  5. Өзіңізді мәжбүрлемей, еркін ұстаңыз. «мінсіз-адам» болып көрінуге тырыспаңыз, қойылым қоюдың қажеті жоқ. Сіз алдын-ала білмейсіз, сұхбаттасушы тәжірибелі болса (ірі компанияларда солай болады), онда сіздің қойылымыңыз әшкереленеді. Өзіңіз ыңғайсыз жағдайда қалмас үшін, жасанды әрекетке бармаңыз.
  6. Жылы жүзбен, күлімсіреп (үнемі жымия бермеңіз), өзіңізді ашық-жарқын көңіл күйде ұсаңыз. Негізі сізде сұхбаттасушы туралы мәліметіңіз жоқ болғандықтан, жасанды әрекетке бармағаныңыз дұрыс.
  7. Сұрақтарға жауап бергенде, сұхбаттасушылардың көпшілігі сіздің қалай жауап бергеніңізге емес, қандай жауап бергеніңізге аса мән беретінін ескеріңіз. Жұмыс беруші көп жағдайда үміткердің қаншалықты кәсіби маман екеніне емес, оның жеке ерекшеліктеріне, адаммен қарым-қатынасына, өз ойын толық, тиянақты жеткізетіндігіне, өзіне деген сенімділігіне, шыдамдылығына т.с.с. қарайды. Үміткердің қызыл тілділігі немесе қандайда бір нәрсені тереңдетіп жеткізуі қажет емес. Керісінше ойыңыз тиянақты, сөзіңіз қысқаша әрі нақты, анық болуы тиіс. Жауап бергенде сұхбаттасып отырған адамның көзіне тура қарағаныңыз дұрыс және сөйлегенде қолыңызды шектен тыс сермемеңіз.
  8. Үзіліс жасауды ұмытпаңыз. Егер жауап беріп болсаңыз, ал сұхбат алушы әлі еш нарсе айтпаса, қандай-да бір пікір айту артық болады. Оның сөйлегенін күтіңіз.
  9. Сұхбат аяқталған соң, кетер кезіңізде жылы жымиып, кездесу нәтижесін қашан білуге болатынын сұрауды ұмытпаңыз.

Егер жұмысқа алмайтындығын білсеңіз, уайымдамаңыз. Біріншіден – сізге бұдан әлде қайда жақсы бос орынға ұсыныс жасалады, және сіз міндетті түрде сол қызметке орналасасыз. Екіншіден – қандай жағдай болса да жұмыс іздеуге қажетті тәжірибеден өттіңіз, оның сізге болашақта көмегі болары сөзсіз. Жұмыс берушілермен кездесуде де тәжірибе жинау керек, сіз өзіңізге қажетті нәрселерді үйрендіңіз.

 

Сіздерге сәттілік тілейміз!

Біздің кеңесіміз сіздерге жұмыс іздеуде көмектеседі деген үміттеміз.