Жаңалықтар.

Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенттері Қызылағаш ауылында болған қайғы қасіретке үн қатты. Балалар апат ауданына 2 жүк мәшине жылы киім-кешек, дәрі дәрмектер мен керек азық-түлік алу үшін 100 мың теңге маңайында ақша жинап жіберді. Ал 21 мен 24 аралығында Жалпы медицина мен Стоматология факультеттерінің 9 студенттері Қызылағаш шатырлы қалашығында болып, баспанасыз қалғандарға барлық керек көмектерін беріп жүрді. Ауыл ауруханасының бас дәрігері атынан студенттерге көрсетілген қалпына келтіру жумыстары үшін алғыс жарияланды,  ал Қызылағаш әкімшілігі біздің ректорға мынадай алғыс хат жолдады.


One Response to “ҚазҰМУ қасіретке үн қатты”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *