Жаңалықтар.

ҚазҰМУ студенттері қазақтың тұңғыш чемпионы Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровпен кездесті.

 

2015 жылдың 13 ақпаны күні ҚазҰМУ-дың «Даңқ залында» Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің жетекшілігімен және Дене шынықтыру және денсаулық кафедрасымен бірлесе «Жетістіктің        сыры» (студенттердің еліміздегі, университеттегі белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалармен кездесу) сұхбаты аясында университет студенттері грек-рим күресінен 1980ж. Мәскеу Олимпиадасының  чемпионы, Әлем чемпионы, Еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровпен кездесті.

«Жетістіктіңсыры» (студенттердің еліміздегі, университеттегі белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалармен кездесу) бағдарламасы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осыған орай, бағдарламаның алғашқы қонағы ретінде Олимпиада чемпионы Ж.Ә. Үшкемпіров қатысты.

Кездесуде алғы сөзді ҚазҰМУ-дың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қ.А. Төлебаев сөйледі. Сөз барысында Қ.А. Төлебаев университетіміздің студенттері, оқытушылары  мен түлектері арасынан биік спорттық жетістіктерге жеткен, чемпион атанған жәнетүрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатысқан университет мақтаныштары туралы айтып өтті. Сонымен қатар ҚазҰМУ студенті тек дәрігер ретінде емес, спорттық жетістіктерімен, салауатты өмір салтын ұстанатындығымен  ерекшеленетінін айтты.

Алғы сөзден соң студенттерге қазақтың тұңғыш чемпионы Ж.Ә. Үшкемпіров  туралы бейне-роликтер көрсетілімі өтті.

Кездесу барысында атақты спортшы әрі бапкер студенттерге өзінің өмірі және түрлі сайыстардағы жеңістері туралы айтты. Және де жастарға салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырды, қазіргі жастардың алғырлығы мен патриоттық сезімі жоғары екенін атап өтті.

Кездесуге қатысқан белсенді студенттер сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, Ж.Ә. Үшкемпіровпен танымды сұхбат жүргізді.

Кездесу соңында «Жетістіктің сыры» бағдарламысының дәстүрі бойынша кездесу қонағы арнайы жазбаға жетістікке жетер жолдағы үш қасиетті жазып, өз қолтаңбасын қалдырды.

Кездесуден соң студенттер ұлы спортшымен естелікке суретке түсті.               Кездесу қонағы Ж.Ә. Үшкемпіров университеттің тарихи мұражайын тамашалап, университет тынысымен танысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *