ҚазҰМУ-дың атқарушы проректоры

Сенбеков Максут Таирович

Әкімшілк-кадрлық саясатын жүзеге асыру, экономикалық дамыту, инфрақұрылымдарды басқару,  заңгерлік және құжаттық қамтамасыз ету,  корпоративтік дамыту, қаржы және бухгалтелтерлік есеп, стратегиялық пен тәуекелді басқару, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен динтанциондық оқыту салалары бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді.

Сенбеков Максут Таирович 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығын, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын тәмамдаған.

Қызмет жолында әр жылдары: ҚР ДСӘДМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қ. филиалы директорының орынбасары, «Нұр Отан» шаруашылық басқармасының» Бас директоры,ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК  құқықтық және функционалдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ-ның гранттық бағдарламалар және жобалар мониторингі Департаментінің Директоры, «Ғылым қоры» АҚ-ның Әкімшілік Департаментінің Директоры, ҚР Индустрия және сауда Министрлігінің бәсекелестікті қорғау Комитеті бақылау және әрекет ету Басқармасының жетекші және бас маман қызметтерін атқарған.