G-GLOBAL.

ҚазҰМУ-де «G-GLOBAL-EXPO-2017» қоғамдық  жастар қозғалысы

19.02.2015ж. күні C.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің  Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қызметкерлері мен университет студенттері студенттік ұйымдармен бірге«Халықаралық G-GLOBAL жобасындағы Қазақстанның жоғары оқу орындары және «G-GLOBAL-EXPO-2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалысында» атты дөңгелек үстел  өткізілді.

          Дөңгелек үстел барысында «G-GLOBAL-EXPO-2017»  Халықаралық жобасындағы жоғары оқу орындарының негізгі қызмет бағыттарының үйлесімділігі, жобаны жүзеге асыру бойынша университет  жұмыстарының жоспарын жүзеге асыру «G-GLOBAL» халықаралық жобасын және «G-GLOBAL-EXPO-2017» болашақ энергия үшін қоғамдық қозғалыс қолдау мақсатында жастар қозғалысын ұйымдастыру идеялары қаралды. Сондай-ақ «G-GLOBAL» платформасын оқу және ғылыми-білімдік үрдісті профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар деңгейінде пайдалану мүмкіндігін арттыру мәселелері талқыланды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *