Жаңалықтар.

Медицинадағы ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды үрдісі, ақпарат ауқымының жедел өсуі, жаңа мамандықтар мен медицина кадрларын сертификациялау және аттестациялау жүйесін енгізу медициналық білім беруді жетілдіру және медициналық білім берудің жаңа үлгісін жасау мәселелерін алдыңғы қатарға шығарып отыр. Қазақстанның медициналық білім беру жүйесі алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол – халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды – медициналық кадрларды даярлау сапасын жақсарту, өнегелі өркенді дәрігер дайындау, Жаңа мыңжылдықта кадрларды даярлау үдерісі қазіргі білім беру ісін толықтай өзгертуді талап етеді. XXI ғасырда қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін халықаралық дәрежедегі кәсіби мамандар қажет. Студент-медиктерге, оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамына қойылатын басты талап – университеттің қарқынды дамуына қажетті алғышарттардың бірі.

С.Ж.Асфендияров атындағы Казақ Ұлттық медицина университеті медициналық білімнің жаңа үлгісін ұсынады! Енді 10 000 студенттен тұратын ҚазҰМУ медиктері құзыретті-бағдарлы әдістемеге негізделген жаңа жүйе бойынша білім алатын болады. Осы үлгіге байланысты ҚР медициналық рыногында ғана емес, алыс-жақын шетелдерде бәсекеге қабілетті бола алатындай қазіргі таңдағы медицина қызметкерлеріне қойылатын басты талаптарға сәйкес университет түлегі оқу жылдары барысында негізгі бес құзыреттілікті меңгеру керек. Олар — «Білім», «Шеберлік», «Коммуникативті дағдылар», «Денсаулық адвокаты» және «Өзін өзі оқыту». Осы дағдыларды игере отырып, болашақ маман алдына қойылған мақсаттарды шеше алады. Жаңа үлгіні жүзеге асыру аясында университетте Практикалық дағдылар орталығы деп аталатын жаңа құрылымдық бөлімше пайда болды. Оның құрамына Симуляциялық орталық, Клиникалық және коммуникативтік дағдылар орталығы кіреді. Студенттер функционалды диагностика, инструментальді диагностика әдістерін, биохимиялық диагностика негіздерін оқиды. Орталықта дәрігерлік жағдайлар блогы бар. Төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетіледі (парамедиктерді даярлау).
Қазақстан «Болон үдерісіне» кіргеннен бастап 2010 жылдың мамыр айында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Университеттердің Ұлы Хартиясына» қол қойды, медициналық білім берудің бірегей үлгісін әзірлеп, енгізді.
Құзіреттілік студент мен түлекке нақты мақсатқа қатысты құндылықтар мен міндеттерді айқын түсінуге, күрделі тапсырмаларды орындап, жаңа идеялар мен инновацияларды қолдануға мүмкіндік береді. Құзыреттілік өз қызметін қадағалауға, кері балйнасты пайдалануға өзіне өзі сенімді болуға, өзін өзі бақылау дағдыларына үйренуге, болашақ туралы ойлауға, алға қойылған мақсаттарға қатысты проблемаларға назар аударуға мүмкіндік береді.
ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов атап өткендей: «студент-медиктерге қойылатын оқу орнындағы ПОҚ кәсібилігіне қойылатын талаптарды жоғарылату – университеттің болашақта қарқынды дамуына жасалатын басты мәселенің бірі.
Иә, бүгін біздің ғылым мен білім беру үдерісінде көптеген проблемалар бар екені рас. Біз осының барлығын қайта қарастырып, не істегеніміз бен не істей алатынымызды саралауымыз керек. Басты назар ғылым мен инновацияға аударылғаны жөн.
ҚазҰМУ ғылым мен оқудың толықтай жаңаруына, білім беру, зерттеу және басқару қызметі аясындағы шығармашылық инновацияларға ұмтылуда. Жоғары білім беру сапасының негізінде алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер жатыр. Өкінішке орай, профессорлы ар мен оқытушылар құрамының басым бөлігі ғылымнан өте алыста. Сондықтан биылғы жылы біз еріксіз қатаң талаппен басқа шараларға баруымызға тура келіп отыр. Яғни, кафедра меңгерушілері мен профессорларды қайта аттестациялаймыз. Нәтижесінде, біздің көптеген қызметкерлеріміз жұмысынан айрылуы мүмкін. Бірақ бізде басқа амал жоқ. Оқытушы қызметі ғылыммен тікелей байланысты. Зерттеулер білім берудің ажырамас бөлшегі болуы тиіс».
ҚазҰМУ-дың білім беру аясындағы негізгі басымдықтарына мыналар кіреді: әлемдік білім беру стандарттарына кіру, білім берудің барлық деңгейлерінде құзіреттілік тұрғысынан қарау, нақты еңбек нарығының сұранысына бағдарлану. Алға қойылған мақсаттарға жету кешенді міндеттерді шешуді талап етеді. Ал оларды шешудің маңызды тұстары осы ғылыми-практикалық конференция барысында қарастырылды.

ҚазҰМУ-дың баспасөз қызметі


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *