Білім беру процесіне мониторинг нәтижелері.

ҚАЗҰМУ-ДАҒЫ ЦИКЛДІК ОҚЫТУ ӘДІСІНЕЖАСАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

2015 ж. қаңтар айында Білім сапасын зерттеу, бақылау және аккредитация Орталығы (БСЗБА)ҚазҰМУ-дағы төменгі курстарда оқытуды циклдік әдіспен жүргізу тақырыбы бойынша Жалпы Медицина факультетінің 1 және 2 курс студенттеріне сауалнама жүргізді.

Зерттеу мақсаты:2014 ж. енізілген циклдік әдіспен оқытуды ұйымдастыру туралы студенттердің пікірін білу және олардың білім бағдарламаларын меңгеру қабілеті мен әдістің артықшылықтарын анықтау. Сауалнама 5 негізгі сұрақтан құралған. Зерттеу жүргізу алдында таңдау жасалды.

Сауалнамаға 844 студент қатысты; олардың 500-і 1-курс студенттері, ал қалған 344-і 2-курс студенттері. Студенттердің саны барлық 1-2 курс студенттерінің 45.2% құрайды.

Зерттеу нәтижелерікөпшілік студенттер (78%)циклдік әдіспен оқытуды жақсы бағалады. Олардың пікірінше, бір пәнді үзбей қысқа мерзімде меңгеру тиімдірек. Себебі өздіндік жұмысқа көбірек уақыт қалады. Соңғысы ҚазҰМУ білім беру Моделінің негізгі құзіреттілігіне жатады. Алайда, студенттердің аз бөлігі (10,5%) енгізілген жаңа әдісті теріс қабылдап, онымен байланысты туындаған мәселелерін комментарилерінде көрсетті. Дәлірек айтқанда, емтихан тапсыру кезінде пайда болған қиындықтарды (пәндерден кейін үзбей жалғасатын емтихандарға дайындық уақытының тапшылығы) айтып өтті.

Қорытынды:Көптеген студенттер оқудың алғашқы курстарына енгізілген циклдік оқыту әдісін қолдайды. ЦӘО ҚазҰМУ білім беру Моделінің жүзеге асуына септігін тигізеді.  ЦӘО кезінде студенттер үлесінде өзін дамытуға арналған көбірек бос уақыт қалады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *