Шетел студенттер деканаты.

Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі кафедрасы — Алматы мемлекеттік медицина  институтының алғашқы   кафедраларының бірі.

Оның ең алғашқы   меңгерушісі – Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев (Қазақ ССР ҒА-ның академигі болған).  1937 жылы кафедра меңгерушісі болып К.Е.Бреусова сайланды. Сол кезде кафедра  орыс тілі кафедрасы деп аталды.

1938-1952 жылдар аралығында кафедра  тілдер кафедрасы деп қайта құрылады.

1989 жылы кафедра қазақ тілі кафедрасы  болып   қайта құрылды. Кафедраға  ф.ғ.к., доцент К.Қ.Аяпбергенова  меңгеруші  болып  тағайындалып,  1996 жылға дейін басқарды.

1997-1998 жылдары қазақ тілі кафедрасы құрамында психология, педагогика және орыс тілі курстары болды. Соған орай кафедра “Құрамында психология – педагогика және орыс тілі курсы бар қазақ тілі кафедрасы” деп аталды.

1996-1998 жылдары кафедраны аға оқытушы Доскеева Балдырған Жармұхаметқызы,

     1998-2008 жылдары ф.ғ.к., доцент Исхан Бейбіт Жәлелұлы   басқарды.

 2009 жылдың  наурыз айында кафедра меңгерушісі қызметіне  ф.ғ.к., доцент Суатай  Сәбит  Құрманжанұлы  конкурс бойынша сайланды. Доцент С.Қ.Суатай  1 оқу құралының 30-ға жуық ғылыми, оқу-әдістемелік мақаланың авторы, сондай-ақ  Қолданбалы лингвистика, Контрастивтік лингвистика, Компьютерлік аударма пәндері бойынша типтік бағдарлама авторларының бірі. Халықаралық Түркологтар Қауымдастығының мүшесі.

Кафедрада  ғылыми  бағытта   көптеген   жұмыстар  атқарылуда.  Кафедра  оқытушылары  жыл  сайын   халықаралық,  республикалық,  қалалық   ғылыми  конференциялар мен  семинарларға  белсене  қатысып,  өз  еңбектерін  жариялап  отырады.  Бес  оқытушы  филология  ғылымдарының  кандидаты,  оның  екеуі  жоғары  аттестациялық  комиссиядан  өтіп,  доценттік  атақтарын  бекіткен.  Кафедра  меңгерушісі, доцент  С.Қ.Суатай  докторлық  диссертациясын  аяқтап, қорғауға    дайындалуда.   Доценттер  Б.Ж.Доскеева ,  Р.Н.Дәрменқұлова, Ж.Т.Исаева  докторлық  диссертацияларын  бекітіп,  осы  бағытта  жұмыс  істеуде.

 2009  жылдан     бері  кафедра «Медицина  білімі – мемлекеттік  тіл  аясында»  атты халықаралық   ғылыми-практикалық конференция  ұйымдастыруды дәстүрге  айналдыруда.  Бұл  конференцияда  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  көтеру,  тілді  оқыту  барысындағы  өзекті  мәселелер  мен  жеткен   жетістіктері  қозғалады.

Доцент Б.Ж.Доскееваның медицина саласында  кәсіби қазақ тілін дамытуда өзіндік  үлесі бар.  Ол жоғары оқу орындары І курсының жалғастырушы топтарына арналған “Қазақ тілі” (Алматы,  2000ж) және “Медициналық оқу орындарына арналған қазақ тілі” (Алматы, 2002ж) атты оқу құралдарының авторы.

Филология ғылымының кандидаты, доцент  Р.Н.Дәрменқұлова  2001 жылы “Медициналық мәтіндер жинағы” атты оқу құралын шығарды. Оның 2004 жылы ҚазҰУ-дың доценті М.Б.Көккөзовамен бірлесіп шығарған “Қызықты қазақ тілі” атты оқу құралында студенттердің қазақ тілінен алған білімдерін пысықтап, бекітуге арналған алуан түрлі грамматикалық ойын түрлері ұсынылған. доцент Р.Дәрменқұлова  өзінің диссертациялық  тақырыбы бойынша 11 ғылыми мақаланың авторы.

Филология ғылымының кандидаты, доцент Ж.Т.Исаева (Қазақ тілі (фонетика), “Ғылым”, Алматы. 2003ж; Қазақ тілі (Сөзжасам, морфология), “Арыс”, Алматы, 2004; Әдеби тілдің нормасынан ауытқыған сөздердің тарихи-лингвистикалық аспектісі , Алматы, 2004)  оқу құралдары авторларының бірі.

Кафедра оқытушылары Қ.Е.Хабдин мен А.Е.Тәттібаева шығарған медицина университеті бірінші  курс студенттеріне арналған. “Қазақ тілі  сабақтары” атты оқу құралы да (2005ж.) болашақ  дәрігерлердің  қазақ тілін игерулеріне, кәсіби тілде сөйлеу машықтарын дамытуға бағытталған.

Аға  оқытушы  Ғ.Ж.Тұңғышбаева  стоматология факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2008ж.) атты оқу құралын  басып  шығарды.

Латын  тілінің аға оқытушылары  Р.Б.Тё мен  С.У.Жантасова  орыс  тілінде  «Сборник  упражнений  по  латинскому  языку  для  студентов  медицинских  факультетов»  (2006ж.) атты  оқу  құралын,  аға  оқытушы С.О.Жантасова  «Латын  тілі  жаттығулар  жинағын»  (2003ж.),  С.Е.Тілегенова, С.О.Жантасова «Латын  тілі  типтік бағдарламасын» (2003ж.)  және аға  оқытушылар С.О.Жантасова, Б.Н.Нұрмұхамбетова «Латын  тілі  пәнінен  анатомиялық  терминологияға  арналған  тест  тапсырмаларын» (2006ж.) шығарды.  Сондай-ақ,  Т.Д.Татаренко  қазақ  және  орыс  тілдерінде  «Тесты  по  латинскому  языку по  анатомо- гистологической  терминологии   для  студентов  1  курса  КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова»   (2006ж.) деген  тест  жинағын  шығарды. Ал,  А.А.Тоқпанова  мен  Н.У.Абульхайрова  «Грамматика  латинского  языка  в  таблицах»  (2006ж.)  деген  оқу-әдістемелік  құралында  латын  тілінің  грамматикасын    кесте  үлгісінде   шығарды.   Латын тілінің оқытушылары   Т.Д.Татаренко,  А.А.Токпанова,  А.Д.Исабекова,  Е.К.Лисариди   «Тестовые  задания  по   латинскому  языку»  (2010ж.) атты тест тапсырмалар жинағын шығарды.

Кафедра  оқытушылары монографиялар, әр түрлі  сөздіктер, оқу құралдарын шығарып, оқу-әдістемелік және ғылыми бағытта жемісті еңбек етуде.

2010 жылдың ақпан айынан бастап қазақ тілі кафедрасы құрамына латын тілі курсы қосылды.

Қазіргі  таңда кафедраның профессор – оқытушы  құрамында 27 оқытушы, олардың ішінде 5 доцент, 14 аға оқытушы, 4 оқытушы,  2 аға  лаборант, 2 лаборант  қызмет  етеді.

       


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *