Жаңалықтар.

2017 жылы 12 сәуір күні Ақтөбе медициналық колледжінде9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай,Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың 95-жылдығына арналған «Героический путь М.Маметовой» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Аталмыш конференцияға С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері, Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерлері, Қазақстан тарихы және гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары қатысты.

Онлайн-конференцияға Орал қаласының М.Мәметова атындағы мұражайы,Мәншүк алғаш мектеп табалдырығын аттаған Семей мемлекеттік медицина университетініңМ.Мәметова атындағы мұражайыжәнеМәншүк қаһармандықпен отқа ұшқан Ресей федерациясы Псков облысы, Неваль қаласының  орта мектебінің оқытушылары мен қызметкерлері  қатысып баяндамалар жасады.

Конференцияның  мақсаты — өскелең ұрпақты Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Маметованың тарих парағында алтын әріптермен жазылған өмір жолы және қаһармандық ерлігімен таныстыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке баулу.Бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын қиған батырларымыздың ерлігін мәңгілік есте сақтау және өткен күннің тарихына құрмет көрсету болып табылады.

 

Студенттермен жұмыс жөніндегі басқармасы 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *