Дәрiгерлiктiң құқығы және мiндеттерi.

1. Жалпы ережелер

1. Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде медициналық қызмет көрсету саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау бойынша басшылық пен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi болады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
5. Комитеттiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрімен келісілгеннен кейін штат саны лимитінің шегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.
6. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшылардың орынбасарларын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Комитет төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
8. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi» мемлекеттік мекемесi.
9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттiң және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрістер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

 

2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

11. Комитет заңнамамен белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
әр түрлі бейін мамандарының қатарынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастыру;
көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтердiң деңгейi мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесiн айқындау;
медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
жеке тұлғаларға халықтық медицинамен (емшілікпен) айналысуға куәлік беру;
медициналық білімі бар мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;
денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу;
денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу;
денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, сондай-ақ басшылардың орынбасарларының кәсіби құзыреттiлiгiн аттестаттау;
республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті лицензиялау;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
медициналық қызметтердің, сондай-ақ дәрілік заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсаттар беруді жүзеге асыру;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға рұқсаттар беру;
денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, сондай-ақ медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу жөніндегі ереженің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануды бақылау;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрілік заттардың сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптама жүргізуді бақылау;
медициналық қызметтің жарнамасын бақылау;
медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылау;
халықтық медицина (емшілік) қызметін көрсетуді бақылау;
медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде дәрілік заттарды тағайындауды бақылау;
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканы оңтайлы пайдалануды бақылау;
көрсетiлген медициналық көмектiң сапасы мәселелерi бойынша азаматтардың шағымдарын қарау.

11. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыреті шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) халықтың денсаулығын сақтау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жетiлдiру, тұжырымдамаларды, стратегияларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың даму жоспарларын, өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) медициналық қызметтің сапасын сараптауды жетілдіру бойынша ұсынымдарды енгізуге;
3) медициналық қызмет көрсету аясындағы бақылау саласында бағдарламаларды әзірлеу үшiн ұсыныстар енгiзуге, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, сондай-ақ ауруханаiшiлiк менеджмент бағдарламаларын әзiрлеуге қатысуға және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиiмдiлігін бағалауға;
4) өзінің құзыреті шегінде медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді және нормативтік-техникалық құжаттарды қабылдауға;
5) денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеуге;
6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен белгіленген стандарттарға сәйкес) халыққа медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын объектілерге кедергісіз баруға (қызметтік куәлікті көрсете отырып);
7) медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмесін алуға;
8) тексерудің мынадай түрлерін жүргізуге:
жоспарлы тексеру – алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт аралығы ескерiле отырып жүргiзiлетiн алдын ала жоспарланған тексеру;
жоспардан тыс тексеру – халықтың денсаулығы мен өмiрiне төнген қауiптi жою мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне, арыздарына, жоғары тұрған органның тапсырмасына дереу ден қоюды талап ететiн, қалыптасқан жағдайға байланысты жүргiзiлетiн тексеру;
қарсы тексеру – тексерiлетiн денсаулық сақтау субъектiсiмен шарттық мiндеттемесi не өзге де құқықтық өзара қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалына немесе өкiлдiгiне) қатысты ұсынылған ақпараттың дәйектiлiгiн анықтау не қосымша ақпарат алу мақсатында жоспардан тыс тәртiппен жүргiзiлетiн тексеру;
рейдтiк тексеру – бiрнеше денсаулық сақтау субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша олардың қызметiн бiр мезгiлде қамтитын тексеру;
бiрлескен тексеру – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының сақталуы мәселелерi бойынша бiрнеше бақылаушы органның денсаулық сақтау субъектiсiнiң қызметiн тексеруi.
9) өзінің құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді олардың орындауы бойынша денсаулық сақтау субъектілерін тексеру нәтижелері туралы актіні әзірлеуге;
10) денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде ұйғарымдар беруге;
11) өзінің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдануға;
12) аккредиттеу туралы куәліктің қызметін алты айға дейін уақытша тоқтатуға, аккредиттеу туралы куәлік пен маман сертификатын қайтарып алуға, денсаулық сақтау субъектілеріне арналған лицензияның қызметін уақытша тоқтату туралы ұсыныс енгізуге, медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айыруға;
13) денсаулық сақтау субъектілері заңды талаптарды орындамаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және негiздерде сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға шағымдануға;
14) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, есепті сұратуға және алуға;
15) белгіленген тәртіпте денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне сараптама жүргізу, аккредиттеу, аттестаттау және денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
16) қажет болған жағдайда денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне сараптама жүргізуге, аккредиттеуге, аттестаттауға, лицензиялауға және денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуге тарту үшін қоғамдық үкiметтiк емес ұйымдар (медициналық ұйымдар қауымдастықтары, дәрiгерлердiң, емделушілердiң кәсiптiк қауымдастықтары) желiсiн дамытуға қатысуға;
17) кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар және медициналық қызметтiң сапасын жетілдiруге бағытталған басқа да іс-шаралар өткiзуге;
18) медициналық қызмет көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуға;
19) Комитеттiң жанынан консультативтік-кеңесшi органдар мен сараптау комиссияларын құруға құқығы бар.

3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

13. Комитеттi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының орынбасары бар. Төрағаның орынбасарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының келісімі бойынша Комитет төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметтен босатады.
14. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауап бередi.
15. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы:
1) Комитеттің төрағасы орынбасарының, Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) сала мамандарын азаматтардың денсаулығын сақтау iсiнде ерекше еңбек сiңiргенi үшiн марапаттау бойынша ұсыныстарды енгізеді;
3) бұйрықтарға қол қояды;
4) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Комитет төрағасы және аумақтық бөлiмшелердiң басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға құқылы.

4. Комитеттiң мүлкi

17. Комитет оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығына ие.
18. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
19. Комитетке бекiтiліп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен мүлікке билiк етедi.

5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы. денсаулық сақтау


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *