Жаналықтар.

0С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті аясында 2015 жылдың ақпан айының 19-ы мен 20-сы аралығында Данди Университетімен Қазақстандағы медициналық ЖОО мен Денсаулық сақтау және ҚР әлеуметтік даму министрлігі арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында профессор ДжинС.Кер қатысуымен (Cachia Jean Scott, Данди Университеті, Ұлыбритания) Қазақстанда АМСК-тің қажеттілігі: ЖТД даярлау атты семинар өткізілді. Семинарға қатысқандар: ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ғылым және адами ресурс департаментінің директоры А.А.Сыздыкова, медициналық ЖОО өкілдері (С.Ж.Асфендяиров атындағы ҚазҰМУ, «Астана медициналық университеті», Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей мемлекеттік медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Үздіксіз білім берудегі Қазақ медициналық университеті), Астана, Алматы, қалаларының денсаулық сақтау басқармасының, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар Шотландияның тәжірибесімен танысып, Жалпы тәжірибелі дәрігерлердің сұрақтары мен қажеттіліктерін, жоғары тәжірибелі топтық жұмыстарын құру, емделіушілердің қауіпсіздігін қамсыздандыру туралы мәселелер талқыланды.

Денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибе негізінде Қазақстандағы жалпы тәжірибелік дәрігерлердің талап ету мүмкіндіктері тізімі анықталды. Қазақстандығы алғашқы санитарлық көмектің (АМСК) өзгеру жолдары мүмкіндіктері қарастырылды.

Галерея


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *