Жаңалықтар.

Жарлық №110

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті құрылымдық бөлімдерінің қорытынды жылдық есебі туралы

 

 

1. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 қаулысын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралардың жүзеге асу барысы туралы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті деканаттары мен құрылымдық бөлімдеріне 2010-2011 жылдың қорытынды есебін әзірлеп, 2011 жылдың 15 қарашасына дейін Мемлекеттік тілді дамыту бөліміне өткізу міндеттелсін.

1. Жарлықтың іске асырылуы факультет декандары мен құрылымдық бөлім бастықтарына жүктелсін.

2. Жарлықтың жүзеге асырылуын қадағалау Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Ж.Әбдіжәділқызына жүктелсін.

3. Қорытынды есепке қойылатын талаптар қосымшада көрсетілген.

 

                                                          Жарлыққа қосымша:

 

  1. Сіз басқарып отырған ұйымда мемлекеттік тілдің қолданылуы қай деңгейде?
  2. Іс қағаздарының қанша пайызы мемлекеттік тілде жүргізілуде?
  3. Сіз басқарып отырған ұжымда бос орындарға лауазымдық қызметтерге үміткерлерді ұйымдастыру кезінде мемлекеттік тілді білуі қаншалықты ескерілген, қызметкерлеріңіздің қаншасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген?
  4. Халықпен тікелей жұмыс істейтін барлық қызметтер (қабылдау бөлімдеріндегі қызметкерлер, кеңсе, ақпараттық-анықтамалық тіркеу орындары, стационардың науқастарды қабылдау бөлімдері, диспетчерлік, күзет қызметтері, және басқалар) қазақ тілін еркін меңгерген қызметкерлермен толықтырылған ба?
  5. (Заң бөлімі үшін) Заңдар, қаулылар, бұйрықтар және басқа да нормативтік құқықтық құжаттар мен хаттардың мемлекеттік тілде рәсімделуі қазіргі таңда қай деңгейде жолға қойылған?
  6. Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған қандай іс-шаралар өткіздіңіздер (күні, айы)?
  7. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұжым болып талқыладыңыздар ма?
  8. Мәжілістер, семинарлар, кеңестер мен алқа жиындары  қанша пайыз мөлшерінде мемлекеттік тілде жүргізілуде?
  9. Кіріс, шығыс құжаттарыңыздың қанша пайызы мемлекеттік тілде жүргізілуде?
  10. Сіз басқарып отырған ұжымда қазақ тілінде жазылған қандай оқу құралдары, ғылыми еңбектер, мен басылымдық мақалалар жарық көрді?
  11. (Адам ресурстарын дамыту бөлімі үшін) Сіз басқарып отырған медицина қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрету жөнінде курстар ұйымдастыру жұмысының жүргізілу сапасы қаншалықты деңгейде?
  12. (Қызметкерлерді басқару бөлімі үшін) Қызметке қабылданушылардың мемлекеттік тілді міндетті түрде білуі ескерілді ме?

а) 2011 жылы университетке қанша қызметкер қызметке қабылданды?

б) Олардың қаншасы мемлекеттік тілді меңгерген маман?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *