Жаңалықтар.

Университет Этикалық кеңесі (Ж. Мустафина) және тәлімгерлер мен жетекшілер кеңесінің (Р. Жармағанбет) ұйымдастыруымен білім алушылардың ізденімпаздығын, адамгершілік қасиетін, белсенділігін арттыру мақсатында бірлесіп жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарды үйлестіру үшін «Педиатрия» мамандығының 1 курс академиялық топтарының тәлімгерлеріне арналған жиын болып өтті.

Жиында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы талқыланды.

Профессор Ж. Мустафина Жолдау бойынша көрсетілген 10 бағыттарға шолу жасап, жетінші басымдықтағы денсаулық және білім беру салалары жаңғыруының негізі адами капитал болатынына кеңінен тоқталып өтті. Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысында іс-шараларды ұйымдастыруда белсенді болу керектігін баса айтты.

Медициналық құқық курсының меңгерушісі, профессор Г. Испаева Жолдаудағы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» бағыты туралы әңгімеледі. Жоғары оқу орындарында кездесетін жағдайларды келтіре отырып, жемқорлықтың алдын алуға болатынын, құқықтық білімді жетік білу керектігіне тоқталды. Университет ішінде жүргізілетін сауалнама негізінде нәтижелерге қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Жолдаудың маңыздылығы жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиынға «Педиатрия» мамандығының 1 курс топтарына «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасының оқытушылары жетекшілік ететіндіктен меңгерушісі С. Измайлова бастаған тәлімгерлер толық қатысты.

 

Тәрбие жұмысы және білім алушыларды әлеуметтік қолдау бөлімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *