Жаңалықтар.

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ

С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлімнің және Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 1 мамыр халықтар бірлігі мен ынтымағына арналған шара өткізілді.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым, Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Осындай салиқалы саясаттың сырын түсініп, сара жолына түскен жастар шараға жан-жақты дайындалғанын көрсете білді. Әртүрлі ұлт  өкілдерінен құралған студенттер өздерінің ұлттық өнерін көрсетіп, қалың көпшіліктің көңілін бір серпілтті.

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ

Орыс, ұйғыр, неміс те

Үміт қосып жеңіске!

Жұдырықтай жұмылды

Келешегі кең іске!

 

Өзіңдікі – Туың да,

От пен ауа, суың да!

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

 

«Әр халықтың тілі – қайнар судың тұнбасындай мөлдір, ал дәстүрі саф алтындай бағалы, ән-жыры үн болған шалқар дариясы. Сондықтан бейбітшілік пен татулықтың тоғысында елдің болашағы жастар болып, бұл мерекені тойламақпыз, өйткені бұл беріктігіміздің айнасы,татулығымыздың тұтқасы. Баршамызды бір шаңыраққа біріктірген Отанымыз тұрғанда біз Достыққа сенеміз!» — деп өздерінің еліміздің жарқын болашағына деген сенімдерін білдіріп, білім мен өнерді, жаңашылдық пен ізгілікті, достық пен бірлікті өздеріне үлгі тұтқан медик-студенттер көңілді шараны ерекше, бірегей ете білді.

Ұлтаралық достықтыҢ символы бола білген жастарымызға сәттілік тілей отырып, алған бағыттарыңнан қайтпаңдар демекпіз!


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *